Қоғам • 29 Сәуір, 2021
БЖЗҚ: Төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлер іздестірілуде
БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға өтініш бермеген адамдардың уәкілетті органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесінде бар екенін салыстырып тексере бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына байланысты жүргізілетін болады.
Руханият • 27 Сәуір, 2021
«Қамқорлық» оңалту орталықтары көбейеді
Елбасы бастамасымен ашылған «Қамқорлық» орталықтарында төрт айда 1 186 бала оңалту курсынан өтті. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алматы облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына жасаған сапары кезінде белгілі болды.
Руханият • 23 Сәуір, 2021
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Биылғы ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының аясында қазақстандықтар өткен аптада 600-ден астам акция мен қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Күн сайын бүкіл ел бойынша белсенді азаматтар мұқтаж адамдарға көмектесіп, айналасындағыларға жағымды эмоциялар сыйлауда.
Экология • 22 Сәуір, 2021
Теміртау экологиясын оңалтуға назар аударды
Атмосфералық ауаның ластану деңгейі ең жоғары қалалар қатарына жататын Теміртауда экология мәселесі тағы да көтерілді. Қара түсті қар мен қалың түтіннен арыла алмай келе жатқан қалада жағдайды реттеу үшін ең тиімді шаралар қабылданбақ. Мұндағы ең ірі ластаушы – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.
Технология • 21 Сәуір, 2021
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Биыл шілде айынан бастап елімізде міндетті аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізу жоспарланған. Бұл – барлық аяқ киім өндірушілер мен импорттаушылар өз тауарларын арнайы екі өлшемді Data Matrix кодымен таңбалауы керек деген сөз. Барлық нормативтік-құқықтық актілер бекітілгеннен кейін, әлемнің басқа елдерінен, оның ішінде ЕАЭО-дан цифрлы таңбалаусыз тауар Қазақстан шекарасынан өте алмайды. Таңбаланбаған аяқ киімнің қалдықтарын жыл бойына сатуға болады.
Білім • 19 Сәуір, 2021
Цифрлы технологиялар, интеллектуалды шешімдер, жасанды интеллект, өзгермелі әлем білім беру саласының даму қарқынын да жеделдете түсті. Жаңа жағдай әр баланың дара қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Оқушының жеке даму траекториясын бақылауға, қажеттіліктерін анықтауға, ынталандыруға мүмкіндік беретін білім беру ортасы қоғамға қазір ауадай қажет.
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Адам өмірінің әуедегі арашашылары (Медициналық авиация қызметіне – 10 жыл)
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасы медициналық авиация қызметінің 10 жылдығын атап өтті. Есте болса, Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі №199 бұйрығымен Санитарлық авиация жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы құрылғаны белгілі. Бұл ұйым кейіннен Республикалық санитарлық авиация орталығы, содан кейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы болып қайта аталған болатын.
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баспасөз конференциясы өтті.
Экология • 15 Сәуір, 2021
«Шарын» мен «Алтын-Емел»: ұлттық парктерінің жер телімдері пайдаланылады
QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі «Алтын- Емел» және «Шарын» ұлттық парктерінің жер телімдерін туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыруға ұзақ мерзімді пайдалануға беру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған конкурсқа қатысатынын хабарлаған болатын. Байқау қорытындысы бойынша QazaqGeography РҚБ Шарын мен «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері бойынша жеңімпаз ретінде таңдалды.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Қарыз күліп кіріп, күңіреніп шығады
Бірінші кредиттік бюро 1 162 038 қарыз алушыға тиесілі 1 262 720 келісімшартқа «оңалтылған» мәртебесі берілгенін хабарлады. 2021 жылғы 9 сәуірде Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің несиелерді оңалту туралы №53 қаулысына түзетулер күшіне енді. Қаулыға сәйкес несиелік келісімшартты оңалту мәртебесін несиелік бюро есептейді және Бірінші кредиттік бюроның несиелік есебінде көрсетіледі. Бірінші кредиттік бюро «оңалтылған» мәртебесі жеке тұлғаға емес, несиелік келісімшартқа берілетінін атап өтті.