Қоғам • 13 Шілде, 2021
Электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындары көп
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша биыл маусым айында Электронды еңбек биржасында 96,4 мың бос жұмыс орны және 49,2 мың түйіндеме орналастырылған. Яғни өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының саны 28%-ға, ал түйіндемелер саны 6%-ға өсті. Бос жұмыс орындарының саны әсіресе елдің оңтүстік облыстарында көбірек өскенін айта кеткен ләзім.
Коронавирус • 12 Шілде, 2021
145 мың дәрі қобдишасы жөнелтілді
Ел өңірлеріне әлеуметтік жағынан осал халыққа арналған 145 мың дәрі қобдишасы жөнелтілді. Дәрі қобдишаларын сатып алу және мекенжай бойынша жеткізу COVID-19-ға дереу ден қою жөніндегі Азия даму банкінің (АДБ), БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) және Қазақстан Үкіметінің бірлескен жобасының аясында жүзеге асырылады. Бұл бастама Жапон үкіметі қаржыландыратын АДБ жанындағы Азия-Тынық мұхиты табиғи апаттарға ден қою қорының (APDRF) қаражатынан бөлінген 3 млн доллар мөлшеріндегі грант арқылы мүмкін болды.
Экология • 09 Шілде, 2021
Заңсыз қоқыс полигонынан залал көп
Қазақстандағы заңсыз қоқыс полигондары мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын әкелді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматыда өткізген көшпелі кеңесте заңсыз қоқыс орындарын жою бойынша жүргізген мониторинг нәтижесін ұсынды.
Білім • 24 Маусым, 2021
«Абай-Верн» ұтқырлық білім беру бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Бағдарлама бойынша 30-дан астам қазақстандық магистрант пен доктарант Францияда тегін білім ала алады.
Экономика • 22 Маусым, 2021
«Қазақстанның даму банкі» АҚ бастапқы алтынды кен өңдеу кешенін салу және пайдалану жобасын қаржыландырмақ. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайды, дайын өнімді құрамында 88% алтыны бар Доре қорытпасы құймалары түрінде шығару жоспарлануда. Құрылысқа жұмсалатын шығынның жалпы көлемі – 425 млн доллар. ҚДБ 9 жыл мерзімге 300 млн долларға дейінгі сомаға қарыз берді. 125 млн доллар сомасындағы қажетті инвестициялардың қалған көлемін RG Processing ЖШС өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Технология • 16 Маусым, 2021
Жеке IP-телефония инфрақұрылымын жобалады
Жаңа технологияларды енгізу және дәстүрлі телефоннан бас тарту арқылы банк жабдыққа жұмсалатын күрделі шығындарды 43,4 млн теңгеге дейін қысқарта алды.
Қоғам • 10 Маусым, 2021
Аралас мектептер көбейіп барады
Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2 047 аралас тілді мектепте білім алып жатыр.
Ғылым • 09 Маусым, 2021
QazVac – қауіпсіз әрі тиімді вакцина
Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлерінің жарияланымында қозғалған мәселелер бойынша Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның қауіпсіздігі туралы хабарлады.
Экономика • 08 Маусым, 2021
Электронды еңбек биржасы: Бос жұмыс орындары көбейді
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша, мамыр айында Электронды еңбек биржасында түйіндемелерге (46,4 мың) қарағанда, бос жұмыс орындары 1,6 есе (75,3 мың) көп орналастырылды. Сәуір айымен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы саны 15%-ға, ал түйіндемелер саны 33%-ға азайды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында еңбек ресурстарына сұраныстың артуы байқалады.
Сұхбат • 08 Маусым, 2021