Қоғам • 08 Қыркүйек, 2021
Онлайн санақ: Бір тәулікте – 150 мыңнан аса адам
Кеше, 7 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 453 556 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 394 933-і sanaq.gov.kz сайтында, 46 492-і Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 12 131 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2021
Еңбек нарығындағы елеулі өзгеріс
2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің еңбек нарығында COVID-19 пандемиясынан туындаған құлдыраудан кейін тұрақты қалпына келу байқалады. Жұмыспен қамтудың икемді түрлері қарқын алып, азаматтар өз бизнестерін белсенді дамыта бастады. Осылайша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,9%-ға (+60,2 мың адам), ал жалдамалы қызметкерлер саны 0,6%-ға (+41,1 мың адам) ұлғайды.
Білім • 07 Қыркүйек, 2021
Білім беру жүйесін жаһандық үрдістерге бейімдеу өзекті
«Азаматтық алаң» пікір алмасу платформасының кезекті жиынына қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған білім беру жүйесін, жаңа заманауи жағдайларға бейімдеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін талқылады.
Экономика • 07 Қыркүйек, 2021
Мақсат – пандемияға дейінгі көрсеткіштерге жету
Биыл бірінші жартыжылдықта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ түсімі 3,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 38,5%-ға жоғары. Бұл туралы Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында өткен онлайн брифингі барысында ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев мәлімдеді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021
Өзендер өрнектеген Өскеменге түс ауа келіп жеткен жүрдек пойыздан түскен біз қала ішінде көп аялдамай төр Алтайды бетке алдық. Облыс орталығының оңтүстік-шығысынан бірден басталып кететін тау арасындағы құба жол ерекше әдемі. Қос қапталдан ілесіп отыратын жоғарылы-төменді беткейлерде шабындығыңыз да, егістігіңіз де жасыл жазира болып құлпырып тұрады. Әсіресе, жартастарды жарып шығатын қарағайлар мен қайыңдардың сыңсып өскен нуы да, шоқтанып өскен тоғайлары да көңілге ерекше күй береді. Әлсін-әлсін тоқтай қалып, көкірегіңді толтыра тыныстап, таспаға тарта бергің келеді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2021
Макулатура, пластик пен шыныға – 2 млрд теңге
Қазақстанда қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстарына ӨКМ Операторының субсидиялау мөлшері 2,025 млрд теңгеден асты. Бұл соңғы 5 жылда салалық бизнесті қолдау шараларының рекордтық көрсеткіші.
Білім • 03 Қыркүйек, 2021
Олимпиада жүлдегерлеріне – 4,4 млн теңге
Бұған дейін еліміз спорт шыңын бағындырған Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы беріп келсе, енді халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары да біржолғы ақшалай сыйақы алатын болады. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады.
Технология • 02 Қыркүйек, 2021
Платформалық тәсіл: Жобалардың дамуы жылдамдайды
BTS Digital компаниясы, Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі корпоративтік қоры және «Астана» халықаралық орталығының (АХҚО) Tech Hub Қазақстанда цифрлы платформалық шешімдерді дамыту бойынша консорциум құру ниеті туралы келісімге қол қойды. Тараптар экономика салаларын цифрландыру және бірлескен цифрлы платформаларды құру үшін өз құзыреттері мен ресурстарын біріктіруді жоспарлап отыр.
Саясат • 02 Қыркүйек, 2021
Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бейнеконференция режімінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 41-отырысын өткізді.
Білім • 01 Қыркүйек, 2021
Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар өзгерді
Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптар өзгерді. Жаңашылдықтар мамандықтарға байланысты енгізілді және жоғары білімнің практикалық бағдарлануын күшейтуге бағытталған.