Білім • 17 Қыркүйек, 2021
Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өсті
Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті. Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2021
QR-кодтар үлескерлердің құқығын қорғайды
Бірыңғай тұрғын үй операторы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ құрылысты аяқтауға кепілдік алған объектілерге QR-кодтарды бере бастайды. Бұл шара салынып жатқан объектілерде тұрғын үйді сатып алуды жоспарлап отырған сатып алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021
22 адамнан тұратын отбасы санақтан өтті
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында Абдазимовтар отбасы халық санағынан онлайн режімде өтті. Бұл отбасы 22 адамнан тұрады.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021
Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер, 2021 жылғы құрылыс және реконструкциялау жобалары, жергілікті желіні дамыту, жұмыс сапасы, ақы алу жүйесін енгізу және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы әңгімеледі.
Медицина • 14 Қыркүйек, 2021
МӘМС: медициналық көмек көлемі өсті
2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда медициналық көмектің бірқатар бағытының көлемі өсті. Бұл жалғасын тауып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайында да денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуге бейімделгендігін көрсетіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деді.
Бизнес • 13 Қыркүйек, 2021
Екі жаңа өнеркәсіп паркі іске қосылады
2021 жылдың қыркүйегінде Ala Estate және ADS Industries жаңа өнеркәсіптік парктері іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы қаласында өткен шағын өнеркәсіптік парктер бағдарламасын (Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың Өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде) дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте белгілі болды.
Технология • 12 Қыркүйек, 2021
Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің жаңа сервисі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелер интеграциясын жүргізді. Соның нәтижесінде Альфа банк платформасы арқылы жеке кәсіпкерлікті онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Атқарылған жұмыстар Шағын бизнесті тіркеу процесін жеңілдетуге бағытталған.
Білім • 10 Қыркүйек, 2021
Педагог-ассистент қызметі енгізілді
Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021
Еңбек нарығы: мектеп мұғалімдеріне сұраныс көп
Электронды еңбек биржасының деректеріне сәйкес биыл тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды. Шілде айымен салыстырғанда түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандардың, әсіресе орта мектеп мұғалімдері бос орындарының айтарлықтай өсуі байқалды.
Коронавирус • 09 Қыркүйек, 2021
EGU.kz – балаларды вакциналауға арналған ақпараттық ресурс
Елімізде алғаш рет Ұлттық вакциналау күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған бірыңғай ресми ресурс іске қосылды.