Экология • 20 Қыркүйек, 2021
Аққу ұшып, қоқиқаз қонған Талдыкөл тағдыры қалай шешіледі?
Әлбетте, қала аумағындағы қарыс жер, әсіресе, орталық бөлігіне жақын аумақта алтыннан қымбат бағаланатыны белгілі. Талай компанияның көзқұртына айналған сондай аумақтың бірі – елордадағы Талдыкөл көлдер жүйесі. Ілкідегі жылдары қалдық суларды ағызған қаланың батыс бөлігіндегі Талдыкөлден ескен жағымсыз иістен зардап шеккен астаналық тұрғындар соңғы жылдары осы су қоймасымен жапсарлас Кіші Талдыкөлдің тағдырына алаңдаушылық білдіруде.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2021
Ауыл әйелдеріне кәсіпкерлік негіздерін оқытады
Алматы облысының Ескелді ауданында «Әлеуметтік осал санаттағы әйелдерді микро-бизнес негіздеріне оқыту» жобасының танымалдылығы артып келеді. Жобаны «Белес-Жетісу» қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясы мен Орта Азия-Еуразия қорының қолдауымен Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы аясында іске асыруда.
Білім • 20 Қыркүйек, 2021
Оқу жылы басталғаннан бері Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады.
Білім • 20 Қыркүйек, 2021
Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетекші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізе алады.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гинтаус Васюлиспен және осы елдің бизнес өкілдерімен кездесуінде екі елдің көлік ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021
COVID-19 вакцинасы қазақстандық Data Matrix кодымен таңбаланды
Қытайда шығарылған COVID-19-ға қарсы Vero Cell вакцинасы Data Matrix кодымен таңбаланып, суық тізбек жүйесін тестілеу бойынша қанатқақты жоба аясында қазақстандық медициналық ұйымдарға жеткізілді. Қанатқақты жоба еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша «СҚ-Фармация», Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы және суық тізбекті ұсынған компаниямен бірге іске асырылуда.
Білім • 19 Қыркүйек, 2021
Зияткер ұрпақ зейін қойған Тәуелсіздік сабақтары
Еліміздегі 50 мыңға жуық жоғары сынып оқушысы Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Жасампаздық пен даму» атты Тәуелсіздік сабақтарына қосылды.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021
Еңбек нарығына арналған ұлттық баяндама
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа шынайылық жағдайындағы даму» атты алғашқы ұлттық баяндаманы дайындады. Онда жаһандық трендтер, ағымдағы сын-қатерлер, экономикада және еңбек нарығында болып жатқан, оның ішінде СOVID-19 пандемиясының әсерінен болған өзгерістер, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау туралы өзекті ақпарат жинақталған, кадрлардың болашақ бәсекеге қабілеттілігі үшін негізгі факторлар айқындалған.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021
Бағдарламаға 451 мыңнан астам адам қатысты
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021
Жастарға неке куәліктерін тапсырды
Отбасы күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «Бәйтерек» монументінде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық әкімдігі ұйымдастырған неке қию туралы куәліктерді ұсыну рәсіміне қатысты.