Оқиға • 23 Қыркүйек, 2020
Журналистердің салалық кәсіподағы құрылды
Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағы» құрылды. Бұл туралы ZOOM платформасында ұйымдастырылған бейнеконференцияда айтылды.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020
БҰҰ Даму бағдарламасы коронавирус пандемиясы әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жұмсарту бойынша Қазақстан Үкіметіне жедел қолдау көрсету бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтағы 150 жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігін берді. Карантин кезінде жұмысынан айырылған жастар кәсіби біліктіліктерін арттыру тренингтері мен менторлық қолдауды қамтитын үш айлық тағылымдамадан өтті.
Қаржы • 17 Қыркүйек, 2020
Айыппұл санкциясы қарастырылмайды
Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан басқа 8 АЕК (шамамен 20 мың теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы өз қызметкерлеріне, олардың өмірі мен тұрмысына қамқорлық танытып келеді. Әсіресе, шалғай және ерекше маңызды стансаларда жұмыс істейтін қызметкерлер туралы сөз қозғағанда осыны айтуға болады.
Қаржы • 17 Қыркүйек, 2020
Бюджетке 5 трлн теңгеден аса салық түсті
Биылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 91,4%-ға орындалса, оның ішінде республикалық бюджет 80,9%-ға және жергілікті бюджет 116,4%-ға орындалды.
Саясат • 16 Қыркүйек, 2020
Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бейнеконференция форматында өткен Қоғамдық кеңес отырысында министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша биылғы міндеттердің іске асырылу барысы туралы баяндады. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері – Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіподақ және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2020
Тауарларды жергілікті жерде өндіреді
ERG (Еуразиялық топ) отандық тауар өндірушілермен әріптестікті нығайтып, қазір бар өндірісті жаңғырту мен жаңа өндіріс ашу ісіне инвесторлар тартуда. Тек 2019 жылы компания 2 мыңнан астам отандық орта және шағын бизнес өкілдерінен жалпы сомасы 280 млрд теңгенің тауарларын, жұмыс пен қызметтерін сатып алған. Ал импортты алмастыруға бағытталған жаңа бағдарлама сатып алулардағы отандық тауар, жұмыс пен қызмет үлесін арттыруға сүбелі үлес қоспақ.
Қаржы • 16 Қыркүйек, 2020
Жүктерді қадағалау жүргізіледі
Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен шекарада тасымалданатын жүктердің мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруда. Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдан бастап көптеген бұзушылық факті анықталды. Мысалы, тауар-көлік жүк құжаттарында мәліметтерді дұрыс мәлімдемеу, Одақ елдерінен Қазақстан Республикасының жалған резиденттеріне тауарлар экспорты, жалған транзит, тауарлардың құнын төмендету және т.б.
Қаржы • 16 Қыркүйек, 2020
Рубльдің құлдырауы теңгеге қалай әсер етеді?
Ресей экономистері қыркүйек-қазан айларында рубль девальвацияланады деп болжайды. Көрші ел валютасының әлсіреуі теңгенің теріс динамикасының қаупін тудырады. Біздің валютаның бағамы қалай өзгереді және мемлекетке теңгенің нығаюын қалай ынталандыру керек?
Медицина • 15 Қыркүйек, 2020
Жүрекке жасалған күрделі операция
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты түрік әріптестермен бірлесіп, эндоваскулярлық орталық қақпақшаны импланттау бойынша 70 және 80 жастағы пациенттерге операция жасалды.