Қаржы • 13 Қазан, 2020
«Әл-Фараби» жобасы бойынша келісімге қол қойды
Жуырда Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперов «Әл-Фараби» жобасы бойынша келісімге қол қойды. Бұған дейін уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер енгізген еді, соған сәйкес «I-P-2» учаскесінің атауы «Әл-Фараби» жер қойнауы учаскесі болып өзгерді.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Жұмыссыздықтың көбею себебі неде?
Статистика органдарының мәліметі бойынша, 2020 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда, ІІ тоқсанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 0,2%-ға ғана өсіп, 5%-ды құрады. Алайда болашақта жұмыссыздар саны едәуір артуы мүмкін. Осылайша статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 0,9%-ға төмендеді. Сонымен қатар жұмыс күшінен тыс халық саны екінші тоқсанда бірінші тоқсанмен салыстырғанда 79,2 мың адамға немесе 2%-ға өсті.
Саясат • 09 Қазан, 2020
«Өсімдіктер әлемі туралы» заң жобасы таныстырылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен zoom-конференция режімінде депутаттық корпус, мүдделі мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен «Өсімдік әлемі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдік дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын жария талқылау өтті.
Медицина • 09 Қазан, 2020
Биыл 8 айда көрсетілген 156 539 стоматологиялық қызмет үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 266 млн теңге төледі. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 21 жеткізуші стоматологиялық қызмет көрсетеді. Оның ішінде, мемлекеттік – 11, жекеменшік клиникалар – 10. Биыл қор жеткізушілерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда біраз өсті, өткен жылы 1 мемлекеттік және 4 жекеменшік клиника, барлығы 5 жеткізуші стоматологиялық көмек көрсеткен болатын», деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Технология • 09 Қазан, 2020
Әлеуметтік ақпараттық технологиялардың әлеуеті
Көктемгі карантин кезінде BTS Digital компаниясы вирус салдарымен күреске, сондай-ақ халыққа қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
Қоғам • 09 Қазан, 2020
Мүгедектігі бар тұлғалар күніне арналған шаралар
Ел аймақтарында жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектігі бар тұлғалар күніне орай бірқатар іс-шара өткізіледі. Осы айдың ортасына дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін денсаулықтарын, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және тағы басқа бағыттарға арналған акциялар ұйымдастырылады.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Бірыңғай байланыс орталығынан білесіз
«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және 1414 Бірыңғай байланыс орталығының («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ) қызметкерлерін оқыту онлайн-семинарларын өткізді.
Экономика • 07 Қазан, 2020
Тауарларды таңбалау көлеңкелі айналымды төмендетеді
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәлімдеуінше, халықаралық практикаға сәйкес тауарларды таңбалау – тауарлардың көлеңкелі айналымын төмендетуге бағытталған құралдардың бірі. Тауарларды таңбалау тұтынушыларды контрафактіден қорғап, оның сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сондай-ақ мемлекет сату тізбегін қадағалап, бизнеске делдалдардың санын азайтуды ұсынады, жосықсыз кәсіпкерлердің үстеме пайда алуына жол бермеуге және тауар құнын реттеуге мүмкіндік алады. Халықаралық тәжірибе де осы тетікті енгізу тауарлардың өндірістен немесе импортты әкелуден бастап түпкілікті сатуға және айналымнан шығаруға дейінгі циклін қадағалауға ғана емес, бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға да мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Қаржы • 07 Қазан, 2020
Кедендік құнды әкімшілендіру күшейтілді
Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаты Е.С. Никитинскаяның депутаттық сауалына орай, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдің құндық индикаторларын қалыптастыру жағдайы туралы хабарлады.
Коронавирус • 06 Қазан, 2020
КВИ жұқтыру ықтималдығын анықтайды
Үйде COVID-19-ды жұқтыру ықтималдығын бағалаңыз. Мұндай мүмкіндікті Назарбаев Университетінің түлектері жасаған ақылды тест береді.