Қоғам • 13 Қазан, 2022
Қордың молдығы – халықтың тоқтығы
Биыл Павлодар облысында 700 мың тоннадан астам картоп жиналды. Аста-төк өнімнің 20 мың тоннасы тұрақтандыру қорына салынып, қысқы мезгілде өңір тұрғындарын бағасы арзан «екінші нанмен» қамтамасыз ету көзделіп отыр. Алдағы уақытта қоймалардан босатылатын картоптың килосы 100 теңгеден қымбат болмауы керектігі ескертілді.
Аймақтар • 12 Қазан, 2022
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Ақсу қаласында айқын сезілуде. Шаһар әкімдігі және Eurasian Resources Group (ERG) бастамасымен қолға алынған «Tugan Qala» жобасының аясында жыл басынан бері қалада жаңадан 16 инфрақұрылым пайда болды. Оны жүзеге асыруға компания 80 млн теңге жұмсаған.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Тірек болар ауылға не кедергі?
Көмірлі шаһарға қарасты бірнеше елді мекен тірек ауыл мәртебесін ала алмай отыр. Қаланың ауылдық аумақтарында тұратын халық саны кейбір аудандағылардан да көп. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ілікпеген соң тұрғындар жауапты министрліктерден көмек сұрап отыр.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Күре жолдың бойындағы көлік апаттары салдарынан адам шығыны азаяр емес. Тек қазан айының басынан бері Павлодар облысындағы автожолдарда 7 адам жол апатынан көз жұмып, қаншама отбасылар орны толмас қайғыға душар болды. Жантүршігерлік оқиғалар саны былтырғымен салыстырғанда аса өсе қоймағанымен, полицейлер соңғы жағдайларға алаңдап отыр.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Екібастұз қаласында ірі металлургиялық кластердің негізі салынды. Болашақ өндіріс аумағында алғашқы зауыттың іргетасы қаланып, құрылысқа ресми түрде рұқсат берілді. Келешекте онда шығарылатын дайын өнімдер алыс және жақын шетелдерге экспортталмақ. Кәсіпорын аумағында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылады.
Экология • 06 Қазан, 2022
Ертіс-Баян өңірінің студент жастары республикада өтіп жатқан EcoStudentKZ челленджіне белсене атсалысуда. Эстафетаны елімізде екінші болып Павлодар қаласындағы бірнеше жоғары оқу орнының шәкірттері қабылдап алса, игі іс-шараның үшінші күнінде Екібастұз қаласының жастары күрек-тырмаларын алып, қоғамдық орындарды тазартуға шықты.
Медицина • 04 Қазан, 2022
Екпе алу сырқаттанудан сақтайды
Ақ желеңділер тұмауға қарсы екпе алуға ниет білдіретіндердің басым бөлігі егде жастағы адамдар екенін айтады. Биыл иммундық жүйесі әлсіреген, әсіресе онкология ауруы мен қант диабетіне шалдыққан, тыныс алу жолдары және қан айналым жүйесінде кінәраты бар науқас адамдарды ең әуелгі кезекте вакциналау жүргізілуде. Бұл мақсатта өңірге 90 мың доза екпе жеткізілді.
Экология • 04 Қазан, 2022
EcoStudentKZ челленджіне павлодарлық студенттер де үн қосты. Дүйсенбі күнгі эстафеталық іс-шараға 40-тан астам белсенді студент атсалысып, жастар облыс орталығындағы Усолка өзенінің жағалауын қоқыстан тазартуға жұмылды.
Экономика • 04 Қазан, 2022
Павлодар ауданында жиын-терім науқаны аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар биыл жалпы көлемі 92,2 мың гектарға егін салған еді. Егіс танаптарының 4,8 мың гектары картоп және 3,4 мың гектары көкөніс түрлері. Қыркүйек айының жылдағыдан жылы болуы шаруалардың ала жаздай төгілген терінің жемісін төкпей-шашпай жинап алуына мүмкіндік беріп отыр.
Аймақтар • 03 Қазан, 2022
Жылыжайдың шаруасы жайқала ма, шайқала ма?
Павлодар облысы әкімдігі аппаратының ішкі аудит қызметі «Greenhouse-Qaztomat» компаниясынан 2,5 млрд теңгенің субсидиясын қайтаруды талап етіп отыр. Кәсіпорын жылыжай шаруашылығымен айналысады, қомақты демеуқаржы жылыжай кешені үшін кезең-кезеңімен алынған екен. Алайда тексеруші орган инвестициялық салымдар үшін төленген миллиардтар субсидиялау қағидаларына сай емес деген тұжырымға келген.