Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Павлодар облысының Ақтоғай ауданында 1 200 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы ашылды. Жаңа ферма өңірдің ішкі нарығын ағарғанмен толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
«Батырлар мекені» зерттеуге сұранып тұр
Ақсудың Алғабас ауылдық округінің аумағы «батырлар мекені» аталып кеткен. Себебі бұл жерде Ер Сырымбет батырдың және Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батырдың зираттары бар. Осыдан біраз жыл бұрын жергілікті өлкетанушылар ауыл маңынан қазақ-жоңғар соғысының қаһармандары Өмірзақ Қойсарыұлының және Өтен Ырыскелдіұлының жерленген орындарын тапқан еді. Жуықта қос батырға ескерткіш тас орнатылды.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Павлодар қаласында ерекше аялдамалар пайда болды. Көпшілік қоғамдық көлік күтетін орындар қазақтың тарихи тұлғалары мен даңқты жерлестеріміз жайлы көрнекі ақпараттармен безендіріліп, әрқайсысы шағын музей іспетті алыстан көз тартады.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2022
Агроөнеркәсіп кешені үшін биылғы жыл оңайға соғып тұрған жоқ. Ауылшаруашылық техникалары мен гербицидтердің құны тым шарықтап кетуі мемлекеттік қолдаудан дәмелі шаруаларды біраз әбігерге салды. Бюджеттен бөлінген инвестсубсидия әуелгі бағамен есептелгеніне байланысты диқандарға шамамен 30 пайыздай демеуқаржы төленбей қалған.
Театр • 20 Қыркүйек, 2022
«Жазылар естеліктер мен туралы...»
«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім», – деп жырлаған ақиық ақынның өлеңдерін балауса жас та, еңкейген қария да жатсынбай оқиды. Шайырдың келбетін заман талабына сай кескіндеу, ол жайлы жүрек тербер естеліктерді көрермен көз алдында қайта тірілту нағыз сахна шеберлерінің қолынан ғана келері хақ.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022
Экспортшыл кеніштер тойдыра ма, тоңдыра ма?
Ресейге салынған санкциялардың салдары Керекуде көмір тапшылығын тудыруы мүмкін. Былтыр «Майкөбе» көмір кеніші барлық өндірілген көмірдің 78 пайызын сыртқа сатып жіберіпті. Ал биыл көрші елге экспорт көлемі одан да ұлғайып, онсыз да аз теміржол вагондары жетіспеуі мүмкін. Энергетика министрлігі жартылай ашық вагондардың саны қыркүйек пен қазан айларында тіпті сиреп қалатынын жаздан бері ескерткен еді. Алайда бұл мәселеге теміржолмен көмір таситын кәсіпорындар аса бас қатырып отырмағанға ұқсайды.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2022
Дәулет Шабанбай олимпиада медалін ресми түрде иеленді
Павлодар облысының тарихындағы жазғы Олимпиада ойындарының тұңғыш медалін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай иеленгені мәлім. Жерлесіміз «Лондон-2012» ойындарының қола жүлдесін ресми түрде қабылдап алды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2022
Бауыртал орман шаруашылығында өрт сөндіруші көз жұмды
Қайғылы оқиға Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Бауыртал орман шаруашылығы аумағында болған.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022
Кейбір үй жылу маусымына дайын емес
Павлодар қаласындағы көпқабатты баспаналардың 90 пайызы жылуға қосылуға дайын деп мәлімдеді жергілікті тұрғын үй инспекциясы. 15 қыркүйектен әлеуметтік нысандар, ал келесі аптада тұрғын үйлер орталық жылу желісіне қосыла бастайды. Дейтұрғанмен, кейбір үйлер оған қосылуға әзір болмай шықты. Мәселенің туындауына ортақ мүлікті басқарудың жаңа формаларына көшу түрткі болып отыр.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022
Жерінің асты да, үсті де қазынаға толы Баянауыл өңірінде торқалы той өтті. Биыл ауданға қарасты Майқайың кентінің құрылғанына – 90 жыл. Кенді аймақтың мерейтойында ат шаптырып, елдің мерейін үстем еткен мерекелік іс-шаралармен жалғасты.