Экономика • 11 Тамыз, 2022
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Қоңыр күз жақындай түскен мезгілде Керекуде көмір дүрбелеңі басталады. Биыл өңірлік энергетика саласына жауапты мекемелер тұрғындарды қысқа ертерек қамданып, отынды осы бастан сатып алуға шақыруда.
Медицина • 10 Тамыз, 2022
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Бүгінде Денсаулық сақтау кодексінің талаптарына сәйкес азаматтар өмір жасының әр кезеңінде әртүрлі дертті ерте анықтау мақсатында скринингке шақырылады. Бұл тексеру – ауруды алдын ала анықтап, оңтайлы емдеу әдісін таңдауға, уақтылы ем-дом қабылдауға көмек. Өңірде енгізілген «жасыл дәліз» қағидаты қатерлі ісікті дер уақытында айқындауға мүмкіндік беріп отыр. Павлодар облысы онкологиялық аурулар бойынша республикада көш бастап тұрғаны мәлім. Жергілікті ақ желеңділердің сөзіне қарағанда, жыл басынан бері айықпас дерттен 465 адам көз жұмған.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2022
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Бүгінде Керекуде ғайыптан зауыт ашылады екен деген әңгіме шықса, жергілікті тұрғындар әбігерленіп қалады. Себебі қаптаған өндіріс орындары мен электр стансаларының ортасында орналасқан Ертіс бойындағы шаһарда экологиялық ахуал онша емес. Облыс басшылығы кәсіпорындар маңындағы жасыл белдеулерді ұлғайтып, егілген ағаштар санын көбейтуге ынталы. Алайда көптеген зауыттың жетекшілері көгалдандыру мәселесіне келгенде кежегесі кейін тарта қалатыны бар.
Қоғам • 09 Тамыз, 2022
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Тегін түстеп, аты-жөнін атамай-ақ қояйық. Әнеугүні Б. есімді жерлесіміз телефон арқылы хабарласатын алаяқтардың арбауына түсіп, жиырма миллион теңгеден астам қаражатты бөтен елдің шотына аударып жіберген. Тақырға отырған азамат төрт бірдей банктен 16 миллион теңгенің несиесін арқалап қалды. Құқық қорғау органдары қаскүнемді қолға түсірмек түгілі, ізіне түсе алмай дал болып отыр.
Медицина • 09 Тамыз, 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы ширай түсті
Тамыз айы туғалы коронавирусқа шалдыққандар қатары тағы көбейе түсті. Өңірде ақ желеңділер өткен апталарда күніне 80-90 адам COVID-19-ды жұқтырып, аурушаңдық 6,6 есе өскенін байқаған. Дей тұрғанмен, дене қызуы көтерілгендердің дені амбулаторлық ем алуда. Облыста эпидемиялық ахуал тұрақты сақталып отыр.
Медицина • 08 Тамыз, 2022
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
«Әлем» балаларды оңалту орталығы жергілікті шенеуніктердің бюрократтық бөгетінен біраз уақытқа жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қаржылық қиындықтарды бастан кешірген емдеу мекемесі церебралды сал ауруына шалдыққан және тірек-қимыл жүйесі бұзылған жасөспірімдерді қабылдап, оларға ем-дом шараларын жасайды. Кәсіби орталықта соңғы 23 жыл ішінде мыңға жуық бала көмек алған. Алайда соңғы уақытта ұйым әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кедергілерге кездесуде.
Қоғам • 07 Тамыз, 2022
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Осы сенбіде өңірдің аудан-қалаларында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Мектепке жол» республикалық акциясының аясында ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен сырттан келген қонақтар оқу құралдарын, киім-кешектерді арзан бағаға сатып алды.
Қазақстан • 03 Тамыз, 2022
Жылу орталығының тағдыры қыл үстінде
Көмірімен әйгілі рекордсмен қала Екібастұзды сүреңсіздік жайлап тұр. Шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлер алдағы қақаған қыста жылусыз қалуы әбден мүмкін. Себебі ондағы жалғыз жылу-электр орталығы технологиялық тұрғыдан әбден тозып, қазандықтары қаусап, құлағалы тұр. Ал кәсіпорын иелері өндірісті жаңартуға қаржы салмақ түгілі, өз қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін орындай алмай отыр. Бұл келеңсіз жағдай – 140 мыңнан аса тұрғыны бар қала үшін дабыл қағарлықтай мәселе. Түйткілдің түйінін тарқатуға Үкімет деңгейінде араласпаса, қақаған қыста үлкен апат орын алуы ғажап емес.
Медицина • 02 Тамыз, 2022
Ақ желеңділер ауылдарды аралап жүр
Екіжылдық үзілістен кейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңірдегі шалғай жатқан стансаларды аралап, тұрғындарды дәрігерлік тексеруден өткізуде. Биыл ақ желеңділер Павлодар облысында тоғыз елді мекенде аялдап, ауыл тұрғындарына кәсіби медициналық көмек көрсетпек.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында жылына 30 мың тонна реагент пен мұнай-химия қоспаларын өндіретін жаңа зауыттың тұсауы кесілді. Кәсіпорын еліміздің мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші зауыттарын өз өнімімен толық қамтамасыз етпек. Болашақта ТМД, Еуропалық одақ, Таяу Шығыс және АҚШ елдерімен байланыс орнатуды көздейтін өндіріс орны осылайша алғашқы кезеңін бастап кетті.