Спорт • 14 Ақпан, 2022
Аралас жекпе-жек ұйымының (UFC) аса жеңіл салмағында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізіп, екінші рет жеңілді.
Спорт • 14 Ақпан, 2022
Наурыздың 19-30 аралығында Алматы облысының Ak Bulak тау-шаңғы курортында шахматтан кезекті ел чемпионаты өтеді. Онда 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар рапид және блиц шахмат бойынша кім мықтыны анықтайды.
Футбол • 14 Ақпан, 2022
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өзінің ресми интернет басылымында жуырда ғана Нидерландта мәресіне жеткен футзалдан Еуропа чемпионатының шартты құрамасын жариялады.
Спорт • 11 Ақпан, 2022
Кадеттер үздік нәтиже көрсетті
Таэквондодан Қазақстанның кадеттер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен WT Fujairah Open 2022 халықаралық турнирінде үздік нәтиже көрсетті.
Спорт • 11 Ақпан, 2022
Ресей тағы да допинг дауына қалды
Бейжіңдегі Олимпия ойындарында бақ сынап жатқан Ресей құрамасының спортшылары тағы да допинг дауына ілінді. Дүйсенбідегі жарыс күнінде мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыста топ жарған ресейлік спортшылар алтын медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы әйгілі британиялық Inside the Games басылымы мәлімдеді.
Спорт • 11 Ақпан, 2022
Шаңғышыларымыз тағы шаң қауып қалды
Бейжіңдегі Қысқы Олимпия ойындарының бәсекелері бел ортасына жетті. Әзірше әлемнің 23 елінің спортшылары өз елдеріне медаль сыйлап үлгерді. Өкінішке қарай, бұл тізімде қазақстандық олимпиадашылар жоқ. Сәрсенбі және бейсенбі күндергі жарыс жолына жерлестерімізден Шыңғыс Ракпаров (шаңғы қоссайысы), Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша (шорт-трек), Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина (шаңғы жарысы) және Даниил Васильев, Сергей Ткаченколар (шаңғымен тұғырдан секіру) шықты.
Спорт • 10 Ақпан, 2022
Тау шаңғышыларының да тауы шағылды
Бейжіңдегі (Қытай) XXIV Қысқы Олимпия ойындары бірте-бірте өзінің қызған шағына еніп келеді. Жарыстың кезекті күнінде алты медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарыс жолына тау шаңғысы (слалом, әйелдер), шаңғы қоссайысы (орташа трамплин және гундерсон жүйесі бойынша із кесу), шана, сноуборд (әйелдер), фристайл (биг-эйр, ерлер) және шорт-трек (ерлер) өкілдері шықты. Сонымен қатар керлинг, трамплиннен секіру, скелетон бойынша іріктеу жарыстары өтсе, шайбалы хоккейден ерлер арасындағы жарыстар басталды.
Спорт • 09 Ақпан, 2022
Бейжіңде алауы тұтанған XXIV Қысқы Олимпия ойындарының кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті. Дүйсенбі күнгі бәсекелерде спортшылар жеті жүлде жиынтығын сарапқа салса, қазақстандық саңлақтар үш спорт түрінен сынға түсті. Атап айтқанда, жерлестерімізден шаңғы қоссайысында Шыңғыс Ракпаров, конькимен жүгіруден Екатерина Айдова, Надежда Морозова (1500 метр) және биатлоннан Галина Вишневская өнер көрсетті.
Қысқы спорт • 08 Ақпан, 2022
Қысқы Олимпиада: Рекордтар, жетістіктер, дебютанттар
Бұл күндері дүниежүзі спорт сүйер қауымының назары Бейжіңге ауғаны белгілі. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен Қысқы Олимпия ойындары ә дегеннен тартысты басталып, жарыстың алғашқы күндері-ақ түрлі спорт түрлерінен әлем және Олимпиада рекордтары жаңарып жатыр. Осы орайда біз Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайты ұсынған биылғы төрт жылдықтың басты додасына қатысты бірқатар қызықты мәліметті ұсынғанды жөн көрдік.
Футбол • 08 Ақпан, 2022
Нидерландтың Амстердам және Гронинген қалаларында өткен футзалдан Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында ұйымдастырылған биылғы доп додасының бас жүлдесін былтырғы әлем чемпионы Португалия мен Ресей құрамалары сарапқа салды. Ал жартылай финалда жарыс жолынан шығып қалған Испания мен Украина футзалшылары үшінші орынға талас жүргізді.