
Спорт • 10 Маусым, 2020
Еурокубокта ең көп топ жарғандар
Футболдан УЕФА аясында ұйымдастырылатын Чемпиондар лигасын (бұрынғы Еуропа чемпиондарының кубогы) айтпағанның өзінде, Еуропа лигасы (УЕФА кубогы), УЕФА Суперкубогы мен Кубок иелерінің кубогы секілді додаларға жанкүйерлердің ықыласы ерекше (соңғысы 1999 жылдан кейін ұйымдастырылмаған). Тіпті еуропалық командалардың өзі бұл турнирде топ жаруды алдына мақсат қояды. Бірақ қос құлақты кубокты басынан асыра көтеру кез келген клубқа бұйыра бермейді. Еуропа клубтарының тарихына зер салсақ, жоғарыда аталған төрт турнирде тек бес қана команда жеңімпаз атанған екен.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Шахматтан Қазақстан мен Ресейдің жасөспірімдер құрамасы онлайн матч өткізіп, 45:31 есебімен ресейлік спортшылар жеңіске жетті.
Футбол • 09 Маусым, 2020
Футболдан Португалия және Туриннің «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду табысы 1 млрд доллардан асқан бірінші футболшы атанды. Бұл туралы америкалық Forbes журналы хабарлады.
Спорт • 08 Маусым, 2020
Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысты
Қазақстандағы жас дарынды боксшының бірі Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингте бақ сынауды құп көрді. Бұл туралы былғары қолғап шеберінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Футбол • 08 Маусым, 2020
Футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады
Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеден бастап жалғасатын болды.
Спорт • 08 Маусым, 2020
Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде Өзбекстанның Бостандық ауданында туып-өскен қазақстандық спорт саңлақтары туралы көлемді материал жарық көрді. Ал бүгін шетелде дүниеге келсе де, тарихи отанына оралып, ел мерейін спорттық жарыстарда асқақтатқан дарынды спортшыларымыз туралы әңгіме қозғамақпыз.
Теннис • 05 Маусым, 2020
Теннистен АҚШ ашық чемпионаты (US Open) турнирінің ұйымдастырушылары дүниежүзінде болып жатқан жағдайға байланысты доданы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізудің бірнеше жолын қарастыруда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Хоккей • 05 Маусым, 2020
Шайбалы хоккей туралы жазатын әйгілі еуропалық Hockeyarchives.info басылымы осы маусымда тәуір өнер көрсеткен Еуропаның ең үздік 250 командасының рейтингін жасап шықты.
Кәсіпқой бокс • 05 Маусым, 2020
Кәсіпқой және әуесқой боксшылардың статистикасын жүргізетін әйгілі BoxRec сайты әлемдегі ең ұлы 10 боксшының тізімін жариялады.
Спорт • 04 Маусым, 2020
Ханчжоудағы Азия Ойындарының ұйымдастыру комитетіне еріктілер қажет
2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті 2021 жылдың жазында еріктілерді жинауға кіріседі, деп хабарлады Olympic.kz.