Спорт • 18 Тамыз, 2020
Қазақстандық «Астана» велокомандасының даниялық өкілі әрі капитаны Якоб Фульсанг Италия тас жолында өткен бір күндік «Ломбардия турында» жеңімпаз атанды.
Футбол • 18 Тамыз, 2020
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финал матчтары аяқталып, жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды.
Теннис • 18 Тамыз, 2020
Жаңартылған күнтізбесін жариялады
АТР теннистен 2020 жылғы маусымға арналған жаңартылған жарыс кестесін жариялады. Ерлер арасындағы теннис бәсекесі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұрған болатын.
Футбол • 17 Тамыз, 2020
Келесі аптада қазақстандық футбол командалары 2020/2021 жылғы Еурокубок бәсекелеріндегі жорығын бастайды. Пандемияға байланысты биылғы Еуродода матчтары белгіленген мерзімнен бір айға кеш басталып жатыр. Былтыр бұл уақытта командалар іріктеудің бел ортасынан асып, үшінші кезеңіндегі ойындарын өткізіп жатқан-ды. Жақында жаңа маусым алдында Швейцарияның Ньон қаласында жеребе тарту рәсімі өтіп, байрақты бәсекеде сынға түсетін командаларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Теннис • 11 Тамыз, 2020
Турнирге қатысудан бас тартуда
Үлкен теннистен 31 тамызда басталатын жылдың негізгі додаларының бірі саналатын US Open басталады. Алайда коронавируске байланысты танымал спортшылар жарысқа қатысудан бас тартып отыр.
Хоккей • 11 Тамыз, 2020
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2020/2021 жылға арналған жаңа маусымның күнтізбесі мен биылғы додаға қатысатын командалар тізімін бекітті.
Футбол • 11 Тамыз, 2020
Бұл күндері пандемияға байланысты футболдан кейінге қалдырылған Еурокубок бәсекелері өтіп жатыр. Ал 14 тамыздан бастап Еурододаның жаңа маусымына «старт» беріледі. Биылғы бәсекеде ел намысын Чемпиондар лигасында әдеттегідей елорданың «Астана» (бірінші іріктеу кезеңі) клубы қорғаса, Еуропа лигасында Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Ордабасы» (екеуі де бірінші іріктеу кезеңі) және Қызылорданың «Қайсар» (екінші іріктеу кезеңі) командалары бақ сынайды.
Футбол • 11 Тамыз, 2020
Араға бес ай салып қайта жалғасқан футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 турнирінің кездесулері аяқталып, ширек финалға шыққан сегіз команда белгілі болды.
Спорт • 07 Тамыз, 2020
Су спортынан бірнеше дүркін Азия чемпионы Виталий Худяков Ыстықкөлді жүзіп өтті. 56 шақырым қашықтықты бағындырған ол бұл әрекетін Токиодағы Олимпия ойындарына арнаған. Себебі 5 тамызда төртжылдық додасында ашық суда жүзуден жарыс басталуы тиіс еді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Футбол • 07 Тамыз, 2020
Ширек финалға шыққандар белгілі
Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған футбол турнирлері бірінен соң бірі жалғасып жатыр. Ендігі кезек Еурокубок матчтарына келеді.