Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 13 Шілде, 2023

Жарыс күнтізбесі бекітілді

Келесі жылы Өзбекстанның бас ша­һа­ры­ – Ташкентте жалауы желбі­рей­тін фут­­залдан әлем чемпионатына­ жолдама беретін элиталық іріктеу кезеңінің ойындар кестесі жарияланды.­

Спорт • 12 Шілде, 2023

Әлем чемпионатында топ жарды

Италияның Ауронзо қаласында жас­өспірімдер мен жастар арасындағы байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жаһандық жарысқа жерлестеріміз де қатысып, өрендеріміз үш жүлдеге қол жеткізді.

Шахмат • 12 Шілде, 2023

Ойлылар ойынында озық шықты

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында шахматтан 6 және 18 жас ара­лы­ғын­да өткен Батыс Азия біріншілігінде Қазақ­­стан құрамасы мол олжаға кенелді.

Теннис • 12 Шілде, 2023

Рыбакина – ширек финалда

Ел теннисінің көшбасшысы, былтырғы Уимблдон додасының жеңімпазы Елена Рыбакина аталған турнирдің ширек финалына шықты.

Спорт • 12 Шілде, 2023

Балуандар Астанада белдеседі

15-16 шілде күндері елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу кү­ресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионатының жалауы жел­бірейді.

Спорт • 11 Шілде, 2023

Кавендиш қатардан шығып қалды

Франция тасжолдарында өтіп жатқан вело­спорттан «Тур де Франс» Гранд-туры бел ортасына таяса да, «Астана» өкіл­дері үздіктер қатарынан көріне алар емес.

Күрес • 11 Шілде, 2023

Будапештке бабы келгендер барады

13-17 шілде күндері Мажарстан астанасы Будапештте күрес түрлерінен биылға жоспарланған ең соңғы рей­тинг­тік турнир өтеді. Бұл сында елі­міз­дің де балуандары өнер көрсетеді.

Теннис • 11 Шілде, 2023

Төртінші кезеңнен аса алмады

Теннистен әлемнің 26-ракеткасы Алек­сандр Бублик Уимблдон тур­нирі­нің ширек финалына шыға алмады.

Спорт • 10 Шілде, 2023

Қоржында – қола жүлде

Оңтүстік Кореяның Седжон қала­сын­да ұйымдастырылған триатлон­нан Азия кубогінде жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Футбол • 10 Шілде, 2023

Финалға өткені белгілі

Өткен аптада футболдан Қазақстан кубогі жолындағы бәсекенің жартылай финал матчтары өтіп, финалға шыққан командалар белгілі болды.