Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Футбол • 29 Маусым, 2023

«Тобыл» мен «Астананың» жеңісі

Өткен сәрсенбі күні футболдан Қазақ­стан кубогі жолындағы жарыстың жартылай финалындағы алғашқы кездесулер өтті.

Спорт • 28 Маусым, 2023

Жаһандық дода Ташкентте өтеді

Футзал бойынша 2024 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді. Бұл туралы ФИФА-ның кеңейтілген отырысында айтылды.

Спорт • 28 Маусым, 2023

«Тур де Франсқа» қатысады

1-23 шілде күндері Еуропа тас жол­дарында велоспорттан «Тур де Франс – 2023» жарысы өтеді. 21 кезең­ге жал­­ғасатын биылғы Гранд-тур Ис­па­­нияның Бильбао қаласынан бас­талып, Парижде мәресіне жетеді.

Спорт • 28 Маусым, 2023

Түркістандықтар топ жарды

Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдар арасында ұйымдастырылған республикалық спартакиада өз мә­ресіне жетті. Бес күнге жалғасқан жарыста еліміздің әр өңірінен жиналған мемлекеттік қызметкерлер спорттың 7 түрінен сынға түсті.

Теннис • 27 Маусым, 2023

Бубликтің алғашқы белесі

Кейінгі жылдары еліміздің әр жас санатындағы теннисшілері бірқатар халықаралық турнирге қатысып, бірінен соң бірі жеңіс тұғырына көтеріле бастады. Мәселен, жасөспірімдер арасында бақ сынап жүрген Заңғар Нұрланұлы жуырда ғана Еревандағы ITF Juniors J30 турнирінде топ жарса, бірер жыл бұрын ғана ересектер бәсекесіне ауысқан Жібек Құламбаева сәуір айында Түркиядағы ITF жарысында жеңімпаз атанды. Ал күні кеше ерлер арасындағы ел теннисінің көшбасшысы Александр Бублик карьерасында алғаш рет ATP 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанып, еліміздегі теннис жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады.

Футбол • 27 Маусым, 2023

ФИФА рейтингі қалай жасалады?

Өткен аптада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ФИФА рейтингінде 62-орында тұрған Солтүстік Ирландия құрамасын жеңіп, сенсация жасаған болатын. Жерлестеріміздің осы бір маңызды жеңісінен соң еліміздегі футбол жанкүйерлері Магомед Адиев бастаған жігіттер әлемдік рейтингте ТОП-100 құраманың қатарына қосыла ала ма деген сұрақты кеңінен талқылап жатыр. Осы орайда оқырмандарымызға ФИФА рейтингі қалай жасалатыны, құрамаларға рейтингтік ұпай қалай берілетіні туралы аз-кем мәлімет бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

Бокс • 27 Маусым, 2023

«Елорда кубогі» басталды

Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ халықаралық «Ел­орда кубогі» турнирінің алауы тұтанды.

Елорда • 26 Маусым, 2023

Олимпиада күні аталып өтті

Астанада Халықаралық Олимпиада күні кең көлемде аталып өтті. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арнап бұл күні спорттық іс-шаралар, түрлі ойындар мен эстафеталық жарыстар, брейк-дансерлердің қойылымдары және әртүрлі жастағы балалар арасында таэквондо мен каратэден са­йыстар ұйымдастырды.

Спорт • 26 Маусым, 2023

Жарысты жалғыз қоламен түйіндеді

Моңғолияның бас шаһары – Ұлан-Батырда ұйымдастырылған дзюдодан «Grand Slam» жарысы өз мәресіне жетті. Әлемнің 45 елінен келген 350 дзюдошы белдескен жарыста ел намысын 17 балуан қорғады.

Спорт • 26 Маусым, 2023

Винокуров – ел чемпионы

Велоспорттан Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, 2017 жылғы Азия чемпионы Алексей Луценко VI жазғы спартакиаданың жеңімпазы атанды.