Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Футбол • 12 Маусым, 2023

Уругвай жастары жеңімпаз атанды

Аргентинада жалауы желбіреген 20 жасқа дейінгі футболшылар ара­сындағы әлем чемпионатында Уругвай құрамасының жас футболшылары жеңіске жетті.

Шахмат • 12 Маусым, 2023

Өзбек өрені үздік шықты

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылған шахматтан Азия чем­пионаты аяқталды. Сары құрлықтың шахмат королі атағы өзбек гроссмейстері Шамсиддин Вохидовқа (ФИДЕ рейтингі 2583) бұйырды.

Теннис • 12 Маусым, 2023

Елімізде – бірінші, әлемде – үшінші

Теннистен еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткашысы Елена Рыба­кина Парижде мәресіне жеткен Ролан Гаррос турнирінде үздіктер қатарынан көріне алмаса да, күні кеше жаңарған Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

Спорт • 12 Маусым, 2023

Мергендердің мүмкіндігі қандай?

Олимпия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінің тарихына көз жүгіртер болсақ, көп спорт түрі Олимпиаданың ажырамас бөлігіне айналғанын байқаймыз. Солардың бірі – нысана көздеу спорты. 1896 жылы алғаш рет Афинада ұйымдастырылған Жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына енген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін нысана көздеу спортынан жүлделер сарапқа салынып келеді. Тек 1904 және 1928 жылдардағы ойындарды есепке алмағанда.

Футбол • 11 Маусым, 2023

Элиталы кезеңдегі қарсыластар анықталды

Өткен аптада Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталы кезе­ңінің жеребесі тартылды. 2021 жыл­ғы жаһандық додада төртін­ші орынға ие болып, табысты өнер көрсет­кен жерлестеріміз бұл кезеңде А то­бында бақ сынайтын болды. Жере­бе қорытындысы бойынша біздің жігіттер соңғы іріктеу сайысында Ру­мыния, Әзербайжан және Нидер­ланд құрамаларымен бірге әлем чем­пио­натының жалғыз жолдамасын са­рапқа салады.

Теннис • 11 Маусым, 2023

Жас теннисшінің жетістігі

Ел теннисінің болашағы саналған Заң­ғар Нұрланұлы Ереванда өткен 18 жасқа дейін­гілер арасындағы «ITF Juniors J30 Tsaghadzor Golds’S Gym Cup 1» тур­нирінің абсолютті чемпионы атанды.

Спорт • 11 Маусым, 2023

Азияда алдына жан салмады

Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті күнінде жерлесіміз Евгений Федоров жарыс жеңімпазы атанып, ел қоржынына алтын жүлде салды.

Футбол • 11 Маусым, 2023

Жаңа жеңімпаз анықталды

Футболдан УЕФА Чемпиондар лига­сының биылғы маусымы өз мәресіне жетті. Түркияның Ыстанбұл қала­сында ұйымдастырылған финалда Ан­глияның «Манчестер Ситиі» мен Ита­лияның «Интер» командалары кездесті.

Бокс • 09 Маусым, 2023

Олимпиадамен қоштасуға асықпаймыз...

Спорт әлемінде футболдан кейін жанкүйері ең көп спорт түрінің бірі саналатын әуесқой бокс алдағы Париж Олимпиадасының бағдарламасында қалуы мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті боксты Олимпия ойындарының бағдарламасында қалдыруды ұсынып отыр.

Спорт • 09 Маусым, 2023

Елордада кімдер белдеседі?

16-18 маусым күндері елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік жарысының алауы тұтанатыны белгілі. 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысу үшін балуандарға рейтингтік ұпай беретін бұл жарыста әлемнің 44 елінен келген 400-ге жуық спортшы белдеседі. Олардың қатарында еліміздің де білекті балуандары бар.