Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Хоккей • 25 Сәуір, 2023

Қарымта ойында да қапы қалдырды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері елордада Латвия мен Финляндияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаһандық додаға дайындық барысында хоккейшілеріміз Оңтүстік Корея хоккейшілерімен екі мәрте мұзайдында жолығып, екі ретінде де қарсыластарын ірі есеппен тізе бүктірді.

Шахмат • 25 Сәуір, 2023

Балғын қыздар жеңісі

Астанада әлемнің ең таңдаулы екі гроссмейстері классикалық шахматтан 17-ші әлем чемпионы атағын сарапқа салып жатқан тұста ежелгі Эллада елінен қуанышты хабар жетті. Грекияның Родос қаласында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған шахматтан жаһандық додада еліміздің жас шеберлері 9 жүлде (2 алтын, 2 күміс, 5 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Теннис • 25 Сәуір, 2023

Рекорд жаңарды

Теннистен әйелдер арасындағы еліміздің көшбасшысы Елена Рыба­кина санаулы күндерден кейін әлемдік рей­тингтегі өз рекордын жаңар­тып, жаһан­ның алтыншы ракеткасы атанады.

Ауыр атлетика • 25 Сәуір, 2023

Толағайларға табыс тілейміз

3-13 мамыр аралығында Оңтүстік Ко­реяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы желбірейді.

Хоккей • 25 Сәуір, 2023

Жапонияны да жеңді

Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кездесуінде де жеңіске жетті.

Теннис • 25 Сәуір, 2023

«Мастерс» турниріне қатысады

25 сәуір мен 7 мамыр аралығында Испанияның бас шаһары – Мадридте теннистен «WTA 1000» және «ATP 1000» санатындағы «Мастер» жарыс­та­рының жалауы желбірейді. Бұл сын­да Қазақстан теннисшілері де бақ сы­найды.

Спорт • 24 Сәуір, 2023

Испаниядан олжалы оралды

Әйелдер күресінен Қазақстан құра­ма­сы Пиреней түбегінің Ла-Нусия қала­сын­да ұйымдастырылған 17, 20 және 23 жасқа дейінгі «Jovenes Promesas» ха­лық­аралық турнирінде он медаль же­ңіп алды.

Хоккей • 24 Сәуір, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында шымылдығы түрілген әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Хоккей • 23 Сәуір, 2023

Кореяны қарсылас құрлы көрген жоқ

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мамыр айында Латвия мен Финляндияда жалауы желбірейтін әлем чемпионатына дайындық жұмысын бастады. Ғалым Мәмбеталиев жетекшілік ететін құрама жаһандық дода алдында оқу-жаттығу жиынын елордадағы «Барыс Арена» мұзайдынында өткізіп жатыр. Өткен сенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерімен жолдастық кездесу өткізіп, алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті.

Шахмат • 23 Сәуір, 2023

Тәжге талас қыза түсті

Классикалық шахматтан елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының матчтары аяқталуға жақын. Өткен аптаның соңында екі гроссмейстер қатарынан екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңімпаз анықталмады. 8-партияда Дин Лижэнь ақ тастармен ойнап, тең нәтижеге қол жеткізсе, 9-партияда Ян Непомнящий де ақ тастармен жеңіске жете алмады. Дегенмен, тоғыз партиядан кейін ФИДЕ туы астында өнер көрсетіп жатқан Непомнящий жалпы есепте алда келеді – 5-4.