Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Теннис • 10 Қаңтар, 2023

Қарсыласымыз – Чили

4-5 ақпан күндері теннистен 2023 жылғы Дэвис кубогінің іріктеу кезеңдері басталады. Әдеттегідей бұл сында Қазақстанның ерлер құрамасы да өнер көрсетеді. Александр Бублик бастаған біздің жігіттер бейресми әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Америка құрлығының өкілі Чили теннисшілерімен шеберлік байқасады. Аталған матч Тынық мұхитының жағалауында орын тепкен Чилидің тарихи әрі курортты қаласы Ла-Серена корттарында өтеді.

Бокс • 10 Қаңтар, 2023

Мырзағалимен бірге сенім келді

Өткен аптада бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағы да ауысты. Тағы да дейтініміз, осыдан бір жарым жыл бұрын ғана, Токиодағы тоқыраудан кейін Ғалым Кенжебаев қызметінен кетіп, оның орнына жасөспірімдер құрамасын ұзақ жыл жаттықтырған Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. Енді, міне, төрт жылдың ішінде ұлттық құрамада үшінші рет бас бапкер ауысып отыр.

Әлем • 09 Қаңтар, 2023

«Жыл үздігінен» үміткер

Америкалық The Ring журналы 2022 жылды қорытындылап, «Жылдың үздік бокс кешіне» үміткер жекпе-жектер тізімін жариялады.

Теннис • 09 Қаңтар, 2023

Еленаның екінші турнирі

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыба­кина Аустралияның Аделаида қала­сында бүгін жалауы желбірейтін WTA 500 сана­тындағы екінші турнирге қатысады.

Спорт • 09 Қаңтар, 2023

Мүмкіндікті өткізіп алмаңыз!

2024 жылы Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада билеттерінің сатылымы жүріп жатыр. Жанкүйерлер сатылымның алғашқы кезеңінде «Өз ойындарыңды жинақта» атты билет пакеті арқылы бәсекенің бағдар­лама­сын ыңғайлы етіп жасақтай алады.

Бокс • 06 Қаңтар, 2023

Азия біріншілігіне қатысады

Бокстан 22 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасы 16-27 қаңтар аралы­ғында Тайландтың бас шаһары – Бангкокте жалауы желбірейтін Азия біріншілігінде өнер көрсетеді.

Теннис • 06 Қаңтар, 2023

Жолдама үшін жанталас

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынатын Азия аймақ­тық іріктеу кезеңіне қатысады.

Спорт • 06 Қаңтар, 2023

Дүбірге толы жыл

Биыл да әдеттегідей спорттық оқиғаларға толы жыл болмақ. Спорт жанкүйерлері 2023 жылы Олимпия ойындары секілді ірі жарыстарды тамашалай алмаса да, Париждегі додаға жолдама беретін бірқатар тартысты бәсеке мен жекелей спорт түрлерінен ұйымдастырылатын әлем чемпионатына куә болады. Одан бөлек, ел қоржынына жүлде салатын жарыстар аз емес. Солардың бірі – Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Сонымен қатар қазақстандық футбол жанкүйерлері былтыр Ұлттар лигасында ерлік жасаған Қазақстан ұлттық құрамасының Еуро-2024 додасының іріктеу матчтарындағы өнерін тамашалайды.

Футбол • 06 Қаңтар, 2023

Роналду Азияны таңдады

Футболдан Португалия ұлттық құра­масының ойыншысы, бес дүркін «Ал­тын доп» иегері Криштиану Ронал­ду карьерасын Азия құрлығында жалғас­тырады.

Теннис • 05 Қаңтар, 2023

Үшінші кезеңге шыға алмады

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастағанымен, екінші айналымда жеңіліп қалды.