Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Саясат • 27 Желтоқсан, 2022

Шахматтан әлем чемпионаты басталды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтың рапид және блиц түрлері бойынша кезекті әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан ойлылар ойынына ерлер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы норвегиялық Магнус Карлсен және әйелдер арасындағы даңқты шахматшы Александра Горячкинадан бөлек, жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 250-ге тарта ойыншы қатысып жатыр.

Футбол • 23 Желтоқсан, 2022

Әлем чемпионатының шартты құрамы

Футболшылардың статистикасын жүргізетін WhoScored интернет басы­лымы Қатарда өткен әлем чемпио­на­тының шартты құрамын жариялады.

Спорт • 23 Желтоқсан, 2022

Жаппай жеңілді

Израильдің Иерусалим қаласында өтіп жатқан дзюдодан Masters серия­сындағы турнирдің бірінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

Теннис • 23 Желтоқсан, 2022

Елена – үздіктің үздігі

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды. Ол «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты.

Хоккей • 21 Желтоқсан, 2022

Плей-офф деңгейіне көтерілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» кезекті тур ойынын Нижнекамскіде өткізіп, жергілікті «Нефтехимиктен» басым түсті.

Спорт • 21 Желтоқсан, 2022

Иерусалимде белдеседі

Кеше Иерусалимде дзюдодан Jerusa­lem Masters турнирінің жалауы жел­біреді. Байрақты бәсекеде еліміздің балуандары бақ сынап жатыр.

Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2022

Үш жылдан кейінгі ұмтылыс

24 желтоқсанда Алматыдағы Sadu Arena спорт кешенінде қазақстандық кәсіпқой боксшылардың қатысуымен бокс кеші өтеді.

Спорт • 20 Желтоқсан, 2022

«Қуаныш» қуанта алмады

Түркияның Анталия қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйел­дер арасындағы клубтық әлем чемпио­натында Қазақстанның «Қуа­ныш» клубы өз жанкүйерлерін қуанта алмады.

Спорт • 20 Желтоқсан, 2022

Алғашқы алтын – Денистің еншісінде

Алматыдағы «Халық Арена» спорт ке­шенінде шорт-тректен Әлем Кубо­гінің төртінші кезеңі мәресіне жетті.

Теннис • 20 Желтоқсан, 2022

Дубайда бақ сынайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы (БАӘ) World Tennis League турниріне қатысып жатыр.