Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Футбол • 16 Қазан, 2022

Тимур және оның командасы

Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жақындаған сайын командалар арасындағы жоғары орындарға талас-тартыс қыза түсті. Қазақстандық даңқты футболшы және жаттықтырушы Ваит Талғаевтың құрметіне өткен XXIII турда отандық футбол жанкүйерлері «Тобыл» мен «Ақтөбе», «Қайрат» пен «Астана», «Каспий» мен «Мақтаарал» және тағы басқа клубтар арасындағы тартысқа толы қызықты матчтардың куәсі болды.

Спорт • 16 Қазан, 2022

Чемпиондық атағын сақтап қалды

Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйелдер арасындағы биылғы әлем чемпионаты Сербия қыздарының жеңісімен аяқталды.

Футбол • 14 Қазан, 2022

Плей-оффтағы бес клуб

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі төртінші тур ойындары мәресіне жетіп, доп додасының келесі кезеңіне шыққан бес команда белгілі болды.

Спорт • 14 Қазан, 2022

Жалғас АҚШ-та жұдырықтасады

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең бе­делді – UFC ұйымында өнер көрсе­тетін қазақстандық спортшы Жалғас Жұ­мағұловтың (14-7) келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды.

Спорт • 14 Қазан, 2022

Ташкентте алтын ала алмадық

Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте өткен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. «Хумо Арена» көпсалалы мұз сарайын­да өткен дүбірлі додада әлемнің 82 елінен келген 600-ге жуық балуан бақ сынап, 15 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Солардың қатарында Қазақстан құрамасының өкілдері де бар. Ала тақиялы ағайындардың елінде өткен әлемдік додада біздің дзюдошыларға небәрі екі жүлде бұйырды.

Спорт • 14 Қазан, 2022

Тарланбоз тізгін тартты

Astana Qazaqstan Team велокомандасында төрт жыл тер төгіп, Қазақстанда кенжелеп қалған осы бір спорт түрінің дамуына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтан кейін қалтқысыз үлес қос­қан әйгілі Винченцо Ни­бали ресми түрде спорт­тық карьерасын аяқтады. Жиырма жылға жуық «шайтанарбаны» жанына серік етіп, талай дүбірлі додаларда оза шапқан ита­лиялық саңлақтың ка­рьера­­сындағы соңғы жа­рысы – өз елінде ұйым­­дас­тырылған Giro di Lom­bardia біркүндік вело­бәйгесі болды.

Спорт • 13 Қазан, 2022

Черногорияны да жеңдік

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіндегі екінші ойынында да жеңіске жетті. Бесінші топта өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз сырт алаңда Черногория құрамасын ірі есеппен тізе бүктірді.

Футбол • 13 Қазан, 2022

Бас жүлде бұйырмады

Алматыдағы көпсалалы «Достық» спорт кешенінде ұйымдас­тырылған гандболдан әйелдер арасындағы командалық Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сары құрлықтың ең таңдаулы деген жеті командасы қатысқан доп додасында Корея клубы бас жүлдені жеңіп алды.

Спорт • 13 Қазан, 2022

Сербияны қиын сынақ күтіп тұр

Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпио­натының жартылай финалына шыққан құрамалар белгілі болды.

Спорт • 13 Қазан, 2022

Жас өреннің жеңісі

«Astana Qazaqstan Team» велоклу­бы­ның өкілі Глеб Сырица Малайзияда өтіп жатқан «Лангкави турының» бірінші кезеңінде топ жарды.