Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 03 Тамыз, 2022

Қыздарымыздың қарқыны қуантарлықтай

Бұл күндері Үндістанның оңтүстік-шығысында орналасқан Ченнаи қаласында шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы олимпиада өтіп жатыр. Биыл 44-ші рет жалауы желбіреген жарыста Қазақстан құрамасының да зерделілер ойыны шеберлері өнер көрсетуде.

Туризм • 03 Тамыз, 2022

Туристер саны көбейіп келеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша былтыр Қазақстанға келген туристер саны рекордтық деңгейге жеткен. Яғни пандемия салтанат құрған жылдан кейін елімізге 6,9 миллион адам келген екен. Сала мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш биыл бұдан да жақсара түспек.

Футбол • 02 Тамыз, 2022

«Мақтааралдың» мақсаты айқын

Футболдан ел кубогы жолындағы топтық кезеңнің төртінші тур ойындары мәресіне жетіп, жарыстың плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда белгілі болды. Бұл межені бірінші болып биылғы Премьер-лиганың дебютанты – «Мақтаарал» клубы бағындырды. Ал төртінші турдан кейін жуырда ғана Еурокубокта сенсация жасаған Петропавлдың «Қызылжары» топтан шығу мүмкіндігін одан әрі төмендетіп алды.

Хоккей • 02 Тамыз, 2022

Трансфердегі сауда қызып тұр

Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елорданың «Барысы» кейінгі аптада трансфер базарында өте белсенді бола бастады. Андрей Скабелка жетекшілік ететін қазақстандық команда трансфер маусымы ашылғалы бері құрамын шетелдік бес легионермен толықтырып, ҚХЛ-дың өткен маусымында тәуір өнер көрсеткен 10 хоккейшіні командада сақтап қала алды. Ал осы уақыт аралығында «Барыстан» бас-аяғы 12 ойыншы кетіп үлгерді.

Футбол • 02 Тамыз, 2022

Англия – Еуропа чемпионы!

Футболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында тұңғыш рет Англия құрамасы жеңімпаз атанды. Жарыс қожайындары финалда Германиядан басым түсті.

Спорт • 02 Тамыз, 2022

Кімдерге сенім артамыз?

Санаулы күндерден кейін елордада дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Ел астанасында өтетін құрлық біріншілігінде Қазақстаннан 18 спортшы өнер көрсетеді.

Теннис • 02 Тамыз, 2022

Қарсыластары анықталды

Чехияның Простеев қаласында жалауы желбіреген 14 жасқа дейінгі тен­нис­шілер арасындағы командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) жеребесі тартылды.

Теннис • 02 Тамыз, 2022

Данилина дара шықты

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Польшаның Вар­шава қаласында ұйым­дас­ты­рылған WTA санатындағы Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды.

Спорт • 01 Тамыз, 2022

Жасөспірімдер жарап тұр

Италияның бас шаһары – Римде өткен күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік додада өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының спортшылары Италияда 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.

Бокс • 01 Тамыз, 2022

Чемпиондықтан үмітті боксшылар

Кәсіпқой боксшылардың статистикасын жүргізетін әлемдік boxrec.com басылымының мәліметіне көз жүгіртер болсақ, бүгінде 200-ге жуық отандасымыз кәсіби боксшылар арасында бәсі биік төрт тұжырым бойынша әлем чемпионы атану мақсатында шаршы алаңда өнер көрсетіп жүр. Әрине, қазіргі уақытта қазақстандық боксшылардың ішінде орта салмақтағы IBF және WBA Super белдіктерінің иесі Геннадий Головкиннің шоқтығы биік. Десе де, аз уақытта жанкүйерлердің көзайымына айналып, чемпиондық жекпе-жек жолында ел сенімін жоғалтпаған, кезең-кезеңімен титулды айқасқа жақындап келе жатқан бірнеше өреніміз де бар.