Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Футбол • 30 Мамыр, 2022

«Реал» – 14 дүркін жеңімпаз!

Биылғы Еурокубок ойындары «Реал» мен «Ливерпуль» клубтары арасын­дағы Чемпиондар лигасының финалымен өз мәресіне жетті.

Хоккей • 30 Мамыр, 2022

Чемпионаттың рекордын орнатты

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қарағандының «Сарыарқа» клубының қақпашысы Андрей Шутов Финляндияда кеше аяқталған әлем чемпионатында үздік нәтижесімен көзге түсті.

Спорт • 30 Мамыр, 2022

Қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубо­вицкая «Гауһар лигасында» ел қоржы­нына олжа салды.

Теннис • 29 Мамыр, 2022

Қазақстандықтар үшін «Ролан Гаррос» аяқталды

Франция астанасы – Парижде өтіп жатқан тен­нистен «Үлкен дулыға» санатына жататын «Ролан Гар­рос» турнирі қазақстандық теннисшілер үшін өз мәре­сіне жетті. Франция ашық біріншілігінің негізгі кезе­­ңін­де өнер көрсетуге мүм­кін­дік алған Қазақстан­ның ­бес өкілі жарыстың ал­ғаш­қы аптасында-ақ жекелей сында да, жұптық бәсе­кеде де жеңіліп, Париж корт­тарындағы жорықтарын аяқтады.

Спорт • 27 Мамыр, 2022

«Джиро д’Италия» мәресіне таяп қалды

Италия тас жолдарында өтіп жатқан ве­лоспорттан «Джиро д’Италия» ве­ло­көпкүндігінің 17-кезеңі аяқталды. 168 шақырымға созылған таулы ке­зеңде Сантьяго Буйтраго топ жарды.

Футбол • 27 Мамыр, 2022

Алғашқы жеңімпаз анықталды

Италияның «Рома» клубы былтыр жазда тұсауы кесілген футболдан Конференция лигасының алғашқы жеңімпазы атанды. Римдіктер финалда Нидерландтың «Фейеноорд» клубынан 1:0 есебімен басым түсті.

Теннис • 27 Мамыр, 2022

«Уимблдонда» өнер көрсетеді

Теннистен Қазақстан әйелдер құра­ма­сының капитаны Ярослава Шве­дова аме­рикалық Ваня Кингпен бірге «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» тур­нирі аясында өтетін Ladies lnvitational Doubles жарысына қатысады.

Спорт • 26 Мамыр, 2022

Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жек­­пе-жек сарайында Мә­дениет және спорт ми­­нис­трінің кубогына арналған алғашқы ірі турнирдің фи­налдық ке­зеңі өтті. Қа­зақтың даңқ­ты балуаны, Мәс­кеу Олимпиадасы чем­пио­нының есімі берілген зәулім спорт кешенінде еліміздің олимпиадалық спорт интернаттары мен колледждерінің 2006-2007 жылдары туған жасөспірім спортшылары екі күн бойы жанкүйерлерге тамаша спорттық мерекені ұсынды.

Кәсіпқой бокс • 26 Мамыр, 2022

Головкин-Альварес: Трилогия қыркүйекте өтеді

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйек айында үшінші жекпе-жектерін өткізетін болды. Бұл туралы алыптар айқасын тікелей эфирде көрсететін DAZN стриминг платформасы мен боксшылардың өздері әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде мәлімдеді.

Спорт • 26 Мамыр, 2022

Франциядан олжалы оралды

Қазақстандық балғын спортшылар Францияның солтүстігіндегі Нормандия өңірінде ұйымдастырылған 16-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасындағы Гимназиадаға тұңғыш рет қатысып, елімізге табысты оралды. Әлемнің 64 мемлекетінен келген 4 мыңға жуық жасөспірім 17 спорт түрінен және 3 паралимпиада бағдарламасында сынға түсті. Жерлестеріміз дүниежүзілік Гимназия ойындарына алғаш рет қатысса да, жарыс қорытындысында 85 медаль (32 алтын, 32 күміс, 21 қола) жеңіп алды. Сөйтіп, жалпыкоманалық есепте үздік үштікке енді.