Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
1887 материал табылды

Спорт • 17 Қараша, 2020

«Астана» атауы өзгереді

Қазақстандық Astana Pro Team вело­ко­мандасының атауы келесі жыл­дың 1 қаңтарынан бастап Astana-Premier Tech болып өзгереді. Бұл тура­лы «Са­мұрық-Қазына» АҚ баспасөз қыз­меті хабарлады.

Футбол • 17 Қараша, 2020

Албания құрамасына әліміз жетпеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының кезекті тур ойынын сырт алаңда Албания футболшыларымен өткізіп, тартысқа толы кездесуде 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Осыдан бір ай бұрын Алматының Орталық стадионында өткен бәсекеде екі құрама (0:0) тең тарқасқан еді.

Кәсіпқой бокс • 17 Қараша, 2020

Қарымды қарсыласпен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізетін болды.

Спорт • 17 Қараша, 2020

Фигудың «сатқындығына» – 20 жыл!

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 2000 жылы Еуропада ала допқа арбалған жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырап, естіген жұрттың таңдайын қақтырған әлемдегі ең даулы трансфердің бірі орын алды. Бұл – ғасырлар тоғысында футболсүйер қауымды талантымен таңғалдырған португалиялық футболшы Луиш Фигудың «Барселонадан» каталониялықтардың бітіспес қарсыласы «Реал» клубына ауысуы еді.

Ауыр атлетика • 16 Қараша, 2020

Әлем кубогында үздік төрттікке енді

Бұл күндері Перудің бас шаһары – Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогы өтіп жатыр.

Хоккей • 16 Қараша, 2020

«Нефтехимиктен» басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барыс» клубы тұрақты біріншіліктің кезекті тур ойынын Нижнекамскіде өткізіп, жергілікті «Нефтехимик» ұжымынан айласын асырды.

Футбол • 16 Қараша, 2020

24 команда анықталды

Өткен аптада пандемияға байланысты келесі жылға қалдырылған футболдан Еуропа чемпионатының соңғы төрт жолдамасына иелік еткен төрт команда белгілі болды.

Туризм • 16 Қараша, 2020

Туристер саны 10 есеге артты

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев өткен аптада Маңғыстау облысында туризм және экология саласының өкілдерімен кездесу өткізіп, биыл Маңғыстауға келген туристердің саны артқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде облыс туризмін дамытуға ден қою керегін аңғартатынын баса айтты.

Спорт • 16 Қараша, 2020

Паралимпиадашыларымыз мемлекеттік қолдауға ие

Кейінгі жылдары елімізде паралимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Оны жерлестеріміздің халықаралық додаларда көрсетіп жүрген нәтижелерінен-ақ байқауға болады. Мәселен, 2016 жылы Риода өткен Жазғы Паралимпия ойындарында жүзу спортынан Зүлфия Ғабидуллина алтын жүлде иеленіп, ел мерейін асырды. Екі жыл бұрын Пхёнчхандағы Қысқы Паралимпияда шаңғышы Александр Колядин алдына жан салмай, Олимпиада чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болды. Осы ретте Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитетінің вице-президенті Бақыт САПАРОВПЕН тілдесіп, спортшыларымыздың алдағы Токио Паралимпиядасына дайындықтарын сұраған едік.

Спорт • 13 Қараша, 2020

ҰОК Басшысы еліміздегі олимпиада резервін даярлау жағдайымен танысты

Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президенті Тимур Құлыбаев және Ұлттық Паралимпиада Комитетінің Президенті Қайрат Боранбаев  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты спорттық ұйымдардың жұмысымен танысты. Жекелей алсақ, ол жуырда жоспарлы жөндеу жүргізілген Кәркен Ахметов атындағы Республикалық спорттық мектеп-интернат-колледжіне барды деп хабарлайды Olympic.kz.