Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
168 материал табылды

Президент • 11 Маусым, 2021

Сенім мен сабақтастық

Осыдан тура екі жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беріп, Мемлекет басшысы қызметіне кіріскені белгілі.

Руханият • 21 Мамыр, 2021

Білге ақын. Олжас Сүлейменов туралы толғаныс

Дүниені дүр сілкіндірген жауынгер жұрттың қазыналы керуенінің қатепті қара нарының қоңырау үнін жаңа заманға кемеңгерлікпен жалғастырған жасампаз тұлғалар Алаштың рухани жаңғыруына тосын бетбұрыс жасап, пассионарлық қуатымен ел жадын серпілтіп оятып, сұңқар дабысымен, тұлпар шабысымен  бодандықтан бостандыққа қарай жігер беріп келген.

Қоғам • 16 Мамыр, 2021

Барымызды бағалай білейік

Адам бойында тумысынан не табиға­тынан біте қайнасып жатқан асыл қасиет­тер болады. Бірақ ол арнасынан асып-та­сып жат­қан жоқ, саф алтындай сирек кез­де­седі. Сол қымбат құбылыстардың жиын­тығын ұлт шеңберінде талант түзеді. Тәңі­рі берген талант – адамның жанына біте­тін айрықша алғырлық қана емес, ол тұ­тастай мемлекеттің мақтанышы, халық­тың қазынасы.

Пікір • 11 Мамыр, 2021

«Екі күймек бір жанға әділет пе?»

Әділетсіздікке жаны төзбей осылай деген абыз Абай егер әке-шешесі алапат аштықта опат болған, ағайын-туысы қызыл қырғында қуғын-сүргінге ұшыраған, өзі әскерге алынып, қан майданда тұтқынға түскен, тозақ көріп, «легионға» алынған, концлагерьден қашып, партизандар қатарына өткен, соғыс біткеннен кейін қайта сотталып, итжеккенге айдалған, сосын өмір бойы «сенімсіз, сатқын» саналған қайран қазақты көргенде қандай теңеу айтар еді? 

Руханият • 08 Сәуір, 2021

Жауһар жырдың тәжін киген Низами

Қап тауының қаз мойнына ақша бұлттарды шәлідей орап, жасыл пүліш орманды арқасына жамылып, дүрия етегін арынды асау өзеніне малған кербез де қайсар келбеті туралы аңыз-әпсана, ғажайып хикаялар қазақ арасында ежелден жыр болып айтылып, сыр болып сақталып, керуен-керуен жылдардың көшімен көкейге сіңісті болған.

Руханият • 05 Сәуір, 2021

Түркістан – түркі өркениетінің тұтқасы

Тамырлас, тағдырлас түркі халық­тары­ның ынтымақтастығы тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдары басталғаны белгілі. Азаттықтың арайлы таңында бірін-бірі танып, қолдап, бауырластықтың берік негізін қалаған туыс елдер әуелі мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа мән берді.

Пікір • 30 Наурыз, 2021

Тарихқа хайп емес, байып керек

Біз тарихы тоналған, жадысы жоғалған жұрттың біріміз. Бордай тоздырған бодан­дық пен алмағайып аласапыран жылдарда халқымыз санынан ғана айырылып қой­ған жоқ, санасы да сансырып, жадысы «жарақат» алды.

Руханият • 19 Наурыз, 2021

Ұлы іс пен ұлыс

Жыл сайын осы күні тәуелсіз еліміздің тағдыршешті қадамы жасалған тарихи сәт көңіл төріне қайта қонақтайды. Бұдан дәл екі жыл бұрын, 2019 жылдың 19 наурызы Ұлыстың қарсаңындағы ұлы іс ретінде ел тарихына айтулы даталардың бірі болып енді. 

Оқиға • 01 Ақпан, 2021

Ордалы отыз мың

Биыл сан ғасыр сарыла күткен тәуелсіздік таңының рауандағанына – 30 жыл. Мемлекетіміз ұлы мұрат жолында үшінші онжылдыққа қадам басып, рухты тасытар өміршең өркениетке ұлы бетбұрыс жасады. Талайы тарихтың бетінде бедерленген қасіретті де қастерлі оқиғалар, нәсілі асыл елдің азап пен арпалысқа толы кезеңі, жетістігі мен жеңісі бәрі – ел жадында. Ал сол жолда Алаш арыстарының қолтаңбасы қалып, сан қайраткер-қаламгерлерді түлеткен, елдің мұңы мен тарихи жетістіктеріне куәгер болған ел газеті «Егеменнің» ғасырлық үні асқақ. Маңдайын күн сүйген мемлекетіміз орда бұзар отыз жасқа толғанда қаранар халықпен қатар жасаған ата басылым отыз мыңыншы нөмірін шығарып отыр.

Руханият • 18 Қаңтар, 2021

Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау

Есте жоқ ерте заманнан жалғасқан жыраулық сарынды сақтап, халық жырының туын желбіреткен, жұртының басына түнек орнаған талмау шақта тарпаң мінез танытып, езілген елдің еңсесін алтын домбырасымен асқақтатқан, сөйтіп асыл аманатты ұрпаққа ұластырған Жамбыл ақынның мұрасы мен шығармашылық болмысы – түгел түркі әлеміне өшпес өнеге, тағзым етер тағылым.