Тарих • 21 Маусым, 2022
Бүгін совет-герман соғысының басталған күні. Жиырмасыншы ғасырда адамзатқа алапат апат әкелген жаһандық соғыстан біз қандай сабақ алдық? Төңіректе болып жатқан қанды қырғындарға қарасақ, базбіреулер тарихтан тиісті тағылым алмаған сияқты. Жер-шарын жалмаған жаһандық соғыс тақырыбын әркім өз мүддесі тұрғысынан түсіндіріп, насихат құралына айналдырып әлек.
Қазақстан • 15 Маусым, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алғаннан бері іргесі Ұлытауда қаланған Ұлық Ұлыс – Алтын Орда тарихына ерекше қолдау білдіріп, Жошы хан тарихи-мәдени салтанат кешенін абаттандырды, елдік рухқа ерекше серпін беретін Ұлытау облысын құрды. Енді міне, ұлағатты мекенде ұлтты ұйыстыра түсетін Құрылтай шақырып отыр.
Қазақстан • 12 Маусым, 2022
Осыдан тура үш жыл бұрын, 2019 жылы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскен еді. Сынаққа толы осы күрделі кезеңде өткен отыз жыл таразыланып, ауқымды реформалар мен бүкіл халықтық референдум арқылы жаңа дәуірдің парағы ашылды.
Тарих • 07 Маусым, 2022
Садағын сағымға ілген сайыпқыран Шыңғыс ханнан ұласып, жоралы Жошы хан әулетінен тамырлы желі тартқан Қазақ ордасының хандық түзімінің алтын шынжырының ақырғы бунағы Алаштың айдынды ұлы Кенесары хан болғаны баршаға аян. Биыл ұлы қолбасшы, баһадүр хан Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толып отыр.
Таным • 25 Мамыр, 2022
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жаңашылдық-реформаторлық қозғалыстар шығыстағы мұсылман халықтардың рухани-мәдени даму жолының жаңа арнаға түсуіне айрықша ықпал етіп, отарлау қамытын киген бодан елдер үшін ұлттық ояну дәуіріне ұласқаны белгілі. Османлы елінде Танзиматпен бірге басталған жаңару кезеңі түркі халықтарында жәдитшілік қозғалысы деп аталса, Мысыр, Иран, Сирия, Үндістан сияқты мұсылман елдерде ол ыслахат-тәждит қозғалысына айналды. Бұл ретте сол кездегі Үндістанның ұлттық ояну дәуірінің көшбасында ұлы ойшыл Мұхаммед Икбал тұрғаны белгілі.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Осылай деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамырлас Түркияға алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Сондықтан бұл сапар екі ел арасында арта түскен барыс-келіс пен алыс-берістің жарқын көрінісіне, бекем бауырластықтың белгісіне айналды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 27 Сәуір, 2022
Кезінде Мұхтар Әуезов ұстазы, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойында «Қазақ тілін түрлеген Ақаң» деп баға берсе, сан қырлы ғұламаның шарапатты рухани-мәдени ықпалы түгел түркіге әсер еткені белгілі. Біз бұл мақалада Алаш абызының бауырлас елдердің байланысын бекемдеген баянды қызметіне тоқталамыз.
Руханият • 12 Сәуір, 2022
Адамның жаны жақұттай жарқырап, рухы салтанат құрар болса, сыртқы дүниесі де сәулеленіп, ізгілік пен мейірімге малынып тұрары анық.
Егемен Қазақстан • 10 Сәуір, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінде еңбек етіп жүрген, балалық шағы Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздіктің алтын таңымен қапталдас өткен, сондай-ақ еліміз азаттық алғасын дүниеге келіп – Тәуелсіздік ұрпақтары атанған жастардың өлең-жырлары антология түрінде жарық көріп, оқырманға жол тартты.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2022
Халық тілеуқор ғой, таудан қар барысы түсіпті деп қаңтардан бері бірнеше рет айтты. Кие тұтқаны, қастерлегені. Енді ел еңсесі көтеріледі, қасиет қонады, айбатымыз артады дегені. Киелі, текті аңның тегеурініне сүйінгені. Толғақты кезеңнің түйіні тарқатылар деп топшылағаны. Соның жерге түсуінен елге ырыс келеді деп түйсінгені.