Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
168 материал табылды

Руханият • 07 Қаңтар, 2021

Мұстафа Шоқай және «Яш Түркістан»

Бүгін бар ғұмырын Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығына арнаған Мұстафа Шоқайдың туған күні. Ескіше 1890 жылдың 25 желтоқсанында, жаңа күнтізбе бойынша 1891 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген Алаш ардақтысының 130 жылдығына орай төмендегі мақаланы ұсынып отырмыз.

Руханият • 06 Қаңтар, 2021

Төртінші онжылдықтың тұжырымдамасы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел газеті «Егеменде» жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы еліміздің жүріп өткен отыз жыл ішіндегі жеткен жетістіктері ғана емес, жарқын болашағы туралы байсалды талдау жасауымен де қоғамдық санаға сілкініс жасап, ұлтқа бағдар беретін тұжырымдамалық сипатымен оқырманға ой салды. Сондықтан бұл құнды құжатты бүгінгі белесімізді бағамдаған, болашағымызға бағдар берген, қоғам құндылықтарын таным мен талғам таразысынан толғаған, ұлтты ұраншылдыққа емес, ұстамдылыққа үндеген ұлағатты мақала деуге негіз бар.

Руханият • 11 Желтоқсан, 2020

Тұлғатану төңірегіндегі түйткілдер

Тұғырлы тұлға ғұмырлы тарихты жасаса, тарлан тарих та тегеурінді тұлғаны тудырады. Дәуір тегершігі айналған сайын тау тұлғалардың керуен жолы аласармай, алыс­тай түсіп, асқақтай береді. Өйткені адамзат тарихында артына өшпес мұра қалдырып, өркениет көкжиегін кеңейтуге үлес қосқан тұғырлы тұлғалардың болашақ ұрпақ үшін жол бастар темірқазық екені айқын. Ал біздің тарихымыз тұлғаларға кенде емес.

Елбасы • 30 Қараша, 2020

Түгел түркінің тұғырлы тұлғасы

Алып бәйтеректей терең тамыры құрлықтарға жайылған түркі әлемін ғасырлар тоғысында түрлендіріп түлеткен, осылайша бауырластыққа жаңаша бай мазмұн берген, түркі интеграциясының архитекторы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екені жалпақ жаһанға белгілі.

Руханият • 02 Қараша, 2020

Шайбани хан және «Мехман нама-и Бухара»

«Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде ұлы Абай: «Бұлар Шағатай нәсіліне қарап жүргенде, Жошы нәсілі өзбек халқын билеп жүрген екен. Сол Жошының Сибан яки Шибан деген баласының тұқымынан бір белгілі Шайбақ деген хан шығып, Әмір Темір тұқымынан Һират, Бұхар, Самарқан шаһарларын тартып алып жүргенде... біздің қазақ біз әуелден өзбек жұртымен аталас едік және де Шыңғыс хан тірі күнінде бізді Жошыға тапсырып еді, «сарт – садағам, өзбек – өз ағам» деп, Шайбаққа қарап кетіпті», деп жазғаны белгілі. Мұнда данышпанның Шайбақ хан деп отырғаны Шайбани хан.

Руханият • 28 Қазан, 2020

Намысын ту еткен

Ізгілікке білте суарған қазақтың дара данасы Абай атамыз отыз тоғызыншы қарасөзінде «бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болса да, артық екі мінезі бар» деп алыстан сермей келіп, «Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болған. Көш қоңды болса, дау жанжалды болса, билік соларда болады. Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе-араздыққа қарамай, жанын салысады», деп сәулелі сөзінің түбіне шамшырағын түсіреді.

Руханият • 19 Қазан, 2020

Ақ бесікте тербеткен

Даланың жұпары сіңген ақжаулығында ақ бас шыңды Алатаудың асқақтығы бар. Зерлі алқа тағынған, шымқай көк жібек жамылған, дүрия көйлек киінген мейірімнің ең ұлы мекені. Жалғанның жарық сәулесі жауқазындай жанына үйір, жайлауы жасыл желекті жомарт жүрек иесі. Айтыңызшы, бұл дүниеде омырауына көктемнің гүл дестесін оранған анадан артық жан бар ма?!

Руханият • 14 Қазан, 2020

Кіндігімді кескен жұрт

Қарлығаш қадамымды басқанда да, топ-топ баламен түз тозаңын төбеге көтеріп, асыр салғанда да, қия кетіп қиыр шетте жүргенде де жүрекке ұлы есімдей ұялап, көңілден бір уақыт кеткен емес. Қуанышты сүйіншілеп, шаттықты еселеп жеткізетін, аңқа бір кеуіп алабұртқан шақта шөлді басатын сусар мекен. Кепиетін көкірегіме құйып, кесірден сақтаған, кең әлемге жол ашып, даналыққа баптаған кіндігімді кескен жұрт. Бұл – бабамның иісі сіңген топырақ, кіндік қаным тамған жер.

Таным • 06 Қазан, 2020

Орынбор һәм Алаш тағылымы

Бүгін қазақ мемлекеттігі тарихындағы елеулі күннің бірі. Бұдан тура жүз жыл бұрын, дәлірек айтқанда 1920 жылы 6 қа­зан­да Орынборда ҚАКСР Кеңестері­нің құрыл­тайы өтіп, алғашқы Конститу­ция­лық құ­жат қабылданып, кеңестік қазақ респуб­ликасы құрылды. Осы тарихи сәттен 1925 жылға дейін Орынбор қаласы Алаштың астанасы болып тұрды.

Руханият • 05 Қазан, 2020

Ғибратты ғимарат, шежірелі шаңырақ

Өткен аптада Елбасы кітапханасының музейі жаңа ғимаратқа көшті. Есілдің сол жағалауындағы Елбасы кітапханасымен жапсарлас орналасқан салтанатты ғимаратқа арнайы барып, сәулет симфониясы іспетті келісті музейді аралап көрдік. Азат елдің айғағындай әрбір құнды жәдігерге тоқталған сайын өткенімізді ойша саралап, тәуелсіздігімізге тағы бір тәубе дедік.