Қоғам • 04 Маусым, 2020
Мамандардың айтуынша, індетке шалдыққандардың көпшілігінде аурудың белгілері бірден байқалмайды екен. Алайда науқаста белгінің болмауы, онда вирустың жоқтығын білдірмейді. Қайта, симптомсыз жүріп талай жанға жұқтырары анық. Ал иммунитеті әлсіреген тұста шыға келеді. Ол кезде бәрі кеш болуы мүмкін. Қоғамды іштей кеміретін жегіқұрт – рухани індеттер де осыған ұқсас. Мейлі, оны парақорлық, жемқорлық немесе сыбайластық деңіз, қоғам мүшелері ағарып, арылмаған соң, ол қалыпты жағдайға айналып, белгілері байқалмаған күйі бүкіл ағзаға жайыла береді. Бұл – бүгінгі қоғамның кейпі...
Руханият • 03 Маусым, 2020
Әзірет Әлінің «Ғылым бір нүкте еді, надандар оны көп нүктеге айналдырды» деген тағылымды тәмсілі, сүйекті сөзі бар. Осы бір оқшау ойдан таған тартсаңыз, сана ішінде үлкен дүмпу пайда болатындай. Нүкте – адамзат мөрі, болат қорғасындай ауыр, қаққан шегедей мықты. Қаламды ақ параққа қойсаңыз, алдымен нүкте пайда болады. Адамның ғұмыры секілді сөйлем нүктемен басталып, нүктемен тәмамдалады. Леп белгісіндей сымбатты болмаса да, сұрау белгісіндей әдемі өрнектелмесе де, нығыз нүкте – аяқталған тиянақты ойдың жемісі. Бір тармаққа шалқар ойды көгендеп қояды. Тұжырым тудырады, ақиқатты әйгілейді.
Пікір • 01 Маусым, 2020
Ғылым – руханияттың көзәйнегі. Кез келген жаратылыс жұмбағының ішкі астарына үңіліп, жан құпиясын жарыққа шығаратын сана биігіндегі толғам. Алып ақыл иесі Абай атамыз «адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп тәпсірлейді.
Қоғам • 31 Мамыр, 2020
Зұлмат, зұлымдық – «қара түнек» деген мағына береді. Саңылаусыз, сәулесіз, соқыр қараңғылық. Күштеу, қинау, қырып-жою, зорлық-зомбылық жасау, адам өлтіру деген мағынасы да бар. Айдың нұры, жұлдыздың жарығы түспейтін түпсіз қараңғылықта жапанда жалғыз қалған адамның бойын қорқыныш билейтіні сияқты, зұлымдық та елдің бойына үрей болып енеді, сөйтіп сүйекке сіңеді. Зұлымдық – қолдан жасалады, зұлматты ұйымдастырған залым болады, ал зобалаңға ұшыраған жұрт «мазлұм» аталады. Бұл орайда «мазлұм» – қазақ халқы, ал «залымның» Сталин екені белгілі.
Тарих • 22 Мамыр, 2020
Теңіздің тамшыдан құралатыны сияқты, кез-келген қауым да, халық та жеке тұлғалардың жиынтығынан тұрады. Тұлғалардың мінезі, қасиеті, ар-намысы мен ұяты – бәрі-бәрі жыйылып келіп ұлттың рухын құрайды. Сондықтан, ұлт ретінде ұйысқан, халық ретінде қалыптасқан елдердің көзге көрінбейтін өзіндік «рухы» болады. Рухы биік тұлғалар тұрғанда халықтың жасампаздығы да арта бермек.
Қоғам • 16 Мамыр, 2020
Жұмырбасты пенденің әуелі қуанышын бейнелеуге асығатын лепті сөйлемдерді ұнататыны жасырын емес. Сымдай тартылған, тіп-тік, қасқайып, қайқайып тұратын, қойылған жерінің мән-маңызын арттырып, айбынын асырып көрсететін бұл айбарлы, маңғаз таңба бір қарағанда кербез кісідей көрінеді. Екі-үшеуі қатар келгенде сөйлемді тіпті түрлендіріп, дауысыңды ерекше көтеріп айтуға мәжбүрлейді. Кез-келген жай сөйлемнің өзін ұран мен үндеуге айналдыра алады. Сүйсінгеніңді, сүйінгеніңді сүйіншілеп тұрады. Бір нәрсенің аяқталғанын және оның жоғары деңгейде орындалғанын да айқындап береді. Бояуы қанық, бәдені бөлек, абыройы артық. Содан ба екен, кез-келген сөйлемнің соңына леп белгісін қоюға әуестене бастағандар бірте-бірте мақтануға, артық пафосқа берілуге, эмоцияның иіріміне түсіп, қиқулап қолпаштауға бейімделе кетеді.
Руханият • 12 Мамыр, 2020
Әрбір қазақ – боз жусаны аңқыған, боз селеуі шалқыған даланың төлі. Сондықтан туған жер – тұлғаның табан тірер тұғыры десек, кіндік кескен, туып өскен ауылын жырлаған, тағзым жасап ту еткен сөз зергерлерінің арасынан Мархабат Байғұттың оқырман ретінде жаныма жақын, жүрегіме мейлінше жылы екені жасырын емес. Өйткені ол жазған қарапайым ауыл тұрғындары, Қаратаудың қалтарысында қалған оқиға, оқшау тау-тас, тіпті өсімдіктеріне дейін бала кезден айқын, етене таныс. Бір таудың баурайында, бір бұлақтың суын ішіп өскендіктен болса керек, қаламгердің туындылары Сырбұлақтың сыбдыр-сырларындай, Әлдибастаудың әсерлі әңгімелеріндей, Көкбұлақтың шерлі шежіресіндей естіледі.
Президент • 05 Мамыр, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент ретіндегі алғашқы сұхбатыңыз былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған еді. Ең алдымен, қазіргідей күрделі кезеңде ой-толғамдарыңызды тағы да біздің газетіміз арқылы оқырманға жеткізуге келісім бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. – «Егемен» – елдің үні, ұлттың мінбері. Қазақ тарихының жүз жылдық жылнамасы. Сондықтан бас басылым арқылы ел-жұртпен тілдесудің маңызы зор.
Руханият • 04 Мамыр, 2020
Оқшаулану кезінде біраз кітап оқып, оймен оңаша қалдық. Жиналып қалған, бір кездері қиып алған газет тігінділеріне көз жүгірттік. Солардың арасында «Тәржіман» газетінің көнерген беттері көзге оттай басылды. Заманында Абайға да, алаш арыстарына да рухани ұстаз болған Исмаил Гаспыралының қазақтар туралы жазған мақалалары. Соның ішінде 1909 жылы 13 қазанда жарық көрген бір мақала айрықша назарымызды аударды.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Мұстафа Шоқай және «Түркістан легионы» мәселесі
ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейінгі кеңестік кезеңде халқымыздың біртуар ұлы, Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен Мұстафа Шоқай жайында көптеген жалған ақпарат тарап, ұлы тұлғаға күйе жағылғаны белгілі. Большевизмнің қас дұшпаны ретінде билікпен ымыраға келмей шетел асқан Алаш арысына таңылған айыптар бұл кезеңде негізінен Түркістан легионы төңірегінде өрбитін еді. Бұл жайында тіпті, «социалистік реализмнің» аясында көркем шығармалар жазылып, қаралау науқанына түрлі бәйгелер беріліп жатты.