Қоғам • 01 Қаңтар, 2020
Дархан Қыдырәлі жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Құрметті оқырман! Егемен еліміз еңсесі биік, абыройы асқақ, тәуелсіздігі тұғырлы қалыпта тағы бір мерейлі жылды артта қалдырып, Жаңа жыл күнтізбесінің алғашқы парағын сіздермен бірге амандықта ашып отыр. Өткен жылға өкпелеуімізге болмас. Әрине, сынаққа сабыр қылдық. Жағымды жаңалықтарды ғана жариялап қоймай, ел газеті ретінде халықтың қабырғасын қайыстырған ауыр күндерді Алашпен бірге көтеруге тырыстық. Жалпы, былтыр ел үшін берекелі, бас басылым үшін мерекелі жыл болды деуімізге болады.
Руханият • 19 Қараша, 2019
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлық Ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығы жер-жерде аталып, тағылымды шаралар өтуде. Сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі осы алып мемлекеттің іргесі сөгілгеніне де 600 жыл болыпты. Мұның бір айғағы – әйгілі Едіге дастаны.
Руханият • 13 Қараша, 2019
«Атыңнан айналайын, Әулие ата»
Талайлы тарихымызда Тараз-Таластың алар орны айрықша екені даусыз. Екі мың жыл бұрын негізі қаланған, Батыс Түрік қағанаты салтанат құрған, күллі түркі жұрты ислам дінін қабылдаған, ғылым мен мәдениеттің мәйегі болған, Фирдоуси, Рудаки сынды әлемге әйгілі Шығыс шайырлары жырларын тарту еткен, әйгілі Талас құрылтайы өткен, Қазақ хандығының құтты қазығы қағылған қасиетті қаланы халқымыз әспеттеп Әулие ата деп атаған.
Әлем • 14 Қазан, 2019
Тамырын тереңге тартқан, тарихы тағылымды түркі дүниесі тағы бір бедерлі белесті бағындырып, биікке беттеп барады. Олай дейтініміз, 15 қазан күні бауырлас Әзербайжан елінің астанасы Бакуде өтетін Түркі кеңесінің VII саммиті бір кезеңнің қорытындысын шығарып, алдағы кезеңнің бағдарын белгілейтін басқосу болмақ.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Қазақ әдебиеті мен мәдениетін кіреуке қардың астынан гүл атқан жауқазындай дүркірете жасартып, жаңғыртып жіберген алпысыншы жылдардағы жаңа толқынның бетбұрысты тағдыры мен талайы ұлтымыздың даму тарихында бүгіндері айтулы бір белес болып қалды.
Руханият • 13 Қыркүйек, 2019
Биыл Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Екі айда еңсе тіктеген Арыс елдік пен ерліктің еңселі ескерткішіне айналды
Біз мінген жеңіл көлік Күнгейдің күн сүйген даласын таспадай тілген Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізімен зулап келеді. Түркістанға қарай тиегі ағытылған жолдан жырыла шығып, Арыс өзенін кесіп өтіп, тоғыз жолдың торабындағы Арыс шаһарына арнайы ат басын бұрдық. Санада сан түрлі сұрақ. Соның бірінің жауабын айдың аманында апатқа тап болған Арыстан іздеп барамыз.
Руханият • 19 Тамыз, 2019
Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай
Тағдыр айдап шетел асқан Мұстафа Шоқайдың қажырлы қайраты мен мұқалмас мұраты арқылы Берлин қаласында шығып тұрған «Яш Түркістан» жорналы тұтас Түркістанға – түгел түркі әлемі мен Орталық Азияға қатысты көптеген құнды мұраны қойнауына бүгіп жатыр. Олай дейтініміз, біріншіден, «Яш Түркістан» жорналы қазіргі қазақ тіліне түгелдей аударылып, ғылыми, әдеби айналымға толық түсе қойған жоқ. Екіншіден, тұтас Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығын мұрат тұтқан бұл жорналдың негізгі бағыты саяси сипатта болғанымен, басылым бетінде мәдени, рухани, тарихи, әдеби туындылар мен мақалалар жиі жарық көріп тұрған. Мәселен, шетел оқырмандары Мағжан мен Шолпанның жырларын алғаш рет «Яш Түркістан» арқылы оқыған. Мұстафа Шоқай бастаған азаттық ерлері кеңестік Түркістанда болып жатқан оқиғаларға наразылық білдірумен ғана шектелмеген, олар ұлттық тұрғыдан өзіндік ұстанымдарын да айқын аңғартып отырған.
Тарих • 03 Шілде, 2019
(Соңы. Басы 124-нөмірде) Бұл кездері Түркістанның азаттығы үшін эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұловтың жасаған батыл іс-әрекетіне жоғары баға берді. Ол 1923 жылы жарияланған «Түркістанда ұлттық қозғалыс» атты мақаласында Тұрар Рысқұловтың бастамасын «өзбек, қазақ, қырғыз, башқұрт және татарларды біріктіретін тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру жолында жасалған әрекет» деп бағалап, бұл әрекеттің шығыс халықтары арасында үлкен серпіліс туғызатынын қуана хабарлады.
Тарих • 02 Шілде, 2019
Биыл ұлтымызға қызмет етудің ұлық үлгісін көрсеткен, сонысы үшін қызыл империяның қасап қырғынына ұшыраған Алаштың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толып отыр. Әрине, Тұрар туралы, оның бүгінгі «Егемен» – кешегі «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасағаны және басқа да қайраткерлік қызметі туралы көп жазуға болады. Біз бүгінгі мақаламызда оның бұрын аса айтылмаған қыры – жасырын ұлттық ұйымдармен байланысы туралы әңгімелеуді мақсат еттік.