Президент • 16 Қаңтар, 2018
Америка Құрама Штаттары биылғы сыртқы саясатындағы екіжақты қарым-қатынастарын Қазақстаннан бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін АҚШ-қа ресми сапармен келді. Араға 11 жыл салып жүзеге асып отырған бұл сапардың шын мәнінде саяси және экономикалық маңызы зор деп санаймыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары үлкен Буштан басталған екі ел арасындағы қарым-қатынас бүгінде жоғары деңгейге жеткені белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылы Ақ үйге барған алғашқы қонақ болып отыр. Бұл Вашингтонның біздің елмен арадағы байланысқа ерекше көңіл бөліп отырғандығын көрсетсе керек.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Міне, біз бүгін қасиетті қазақ елінің абыройын асқақтатып, мерейін асырған Тәуелсіздік дәуірінің тарихи оқиғаларға толы тағы бір жылын аяқтап, күнтізбелік 2018 жылдың алғашқы парағын аштық. Өткен жылға өкпеміз жоқ, келген жылдан үмітіміз көп! Сондықтан Жаңа жылдың жаңа күнімен бірге қолдарыңызға тиген сүйікті газеттеріңіз «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны арқылы өздеріңізге аз-кем сөз арнауды жөн көрдік.
• 16 Желтоқсан, 2017
Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Тарих біз туралы жақсы айтатын болады, себебі оны өзіміз жазамыз» деген сөзі бар екен.
• 24 Қараша, 2017
Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Сондықтан тағылым түйгендер ғана тарихқа бағыт бере алады. Бұл ретте белгілі ғалым Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды.
• 21 Қараша, 2017
Халқымызда «Жүйелі сөз жүлгесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген ұлағатты сөз бар. Бауырлас халықтарға ортақ осы аталы сөз Атамбаевқа қарай айтылғандай көрінеді бұл күнде.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Ұзақ тарих көшінде шашылып қалған ер-тұрманы бүтінделіп жатқан ел ретінде кейде кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерге кешіріммен қарау – заңдылық. Ал, кей тұста көзге ұсақ секілді көрінгенмен көңілде ұлы ұғым ретінде бас көтеретін дүниелер болады.
Қазақстан • 16 Қазан, 2017
Зымыраған заманға бағынбайтын заңғар тұлғалар болады.
Қазақстан • 14 Қазан, 2017
Ақбас Алатау баурайында бір түйенің өркешіндей бірге жасасып, біте қайнасқан қазақ пен қырғыз тарихтың ұзын салқар керуенінде үзеңгілес те үндес жүрген. Сондықтан Мұхтар мен Шыңғыс, Кенен мен Оспанқұл, Жамбыл мен Тоқтағұл, Шоқан мен Боранбай сынды арда ұлдары төс түйістірген, тарихы ғана емес, тағдыры да қатар өрілген бауырлас жұртты біріктіретін қасиет-құндылықтар аз емес. Соның бірі де бірегейі – «Манас» дастаны.
• 20 Қыркүйек, 2017
Дала данагөйлері: Майқыдан Мөңкеге дейін
Түмен-түмен қол төңкеріп, түйдек бұлттай жөңкіп көшкен аласапыран тарихты ат тұяғымен жазған баяғы бабаларымыздың парасат пен салтанатқа толы өмір салты да өзгеше болған ғой! Ұлы даланы уыстап тұрған қаһарлы ханның қасында отырып әділдікке келгенде туғаны жоқ тумадай қара қылды қақ жарып тура сөйлеп, бітіспес дауды бір ауыз сөзбен тоқтатқан билерінің биік ақыл-ойына ордадағы орны да, ел ішіндегі беделі де сай болыпты.
• 12 Қыркүйек, 2017
Жаңғыруға бастаған нақты қадам
Халықты рухани жаңғыруға бастаған Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы жарияланған күннен бері «Егемен Қазақстанда» қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру ісіне қатысты көптеген пайымды пікірлер жарық көріп келеді. Бұл латын әліпбиіне қатысты тағдыршешті жобаның тарихи маңызын айқындай түседі.