Президент • 29 Мамыр, 2019
Тарихи таңдаудың табалдырығында тұрған елімізде жұрт назары президенттікке үміткер тұлғаларға ауғаны анық. Бұл орайда сайлауалды бағдарламалары ғана емес, олардың биографиялары мен болмыс-бітімі де қоғамның қызығушылығын тудырып отыр. Халықаралық қауымдастық та зер сала зерделеп отырған сондай тұлғаның бірегейі – Қазақстан Президенттігіне «Nur Otan» партиясы атынан үміткер ретінде қатысып отырған, жаңа Қазақстанның жасампаз жылнамасында жарқырай көрінген қайраткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екені ақиқат.
Руханият • 21 Мамыр, 2019
Ататүріктің Анадолыдағы азаттық күресіне 100 жыл толды.
Руханият • 30 Сәуір, 2019
Жаратқан Иеге шексіз құштарлықты жырлап, адам баласының рухани кемелденуіне, ізгілік пен мейірбандылықтың салтанат құруына әлем әдебиетінде сопылық бағытты ұстанған шайырлардың қосқан үлесі зор. Жаратылыстың түпкі мәнін жүрек көзімен танып, ақиқатпен тұтасып, сырдың шәрбатына қанып, тұңғиық танымдарды халыққа түсінікті тілмен жеткізе жырлаған шерлі шайырлардың орны түркі елдері арасында ғасырлар керуенінде қашанда жоғары болған.
Президент • 02 Сәуір, 2019
Президент: «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұхбат берді.
• 28 Наурыз, 2019
Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Тарихтан тағылым түйгендер ғана ертеңге бағыт бере алады. Бұл ретте Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2019
Қазақ мемлекеттігінің бір бастауы: Моғолстан, Қайду және Талас құрылтайы
Биыл тарлан тарихымызға бетбұрыс әкелген Талас құрылтайына 750 жыл толып отыр! Талай мемлекеттер ту көтерген киелі Талас жерінде 1269 жылы Қайду ханның шақыруымен ұлы құрылтай өтіп, Ұлы далада Жошы Ұлысы (Ұлық ұлыс – Алтын Орда) мен Моғолстан бой көтерді. Сондықтан биыл Алтын Орда мен Моғолстанның құрылуының да 750 жылдығы!
Тарих • 29 Қаңтар, 2019
Тарихқа еуроцентристік көзқараспен қарайтын базбіреулер «көшпелілер көшіп-қонып жүрген, оларда іргелі қалалар мен ірі өндіріс орындары болмаған» деген жаңсақ ұғым қалыптастырған. Шынтуайтында, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, «біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны» екені белгілі.
Президент • 22 Қараша, 2018
Елбасының «Егеменде» жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, жұртшылықтың жүрегіне жол тапты. Қазақ елінің ғана емес, бүгінде Ұлы даладан тамыр тартқан туыс халықтардың да көшбасшысы ретінде мойындалып, ортақ мақтанышына айналған Қазақстан Президентінің тарихи санаға сілкініс әкелген, дәйекті деректері мен мәйекті мазмұны үйлескен маңызды мақаласы түркі әлемі үшін де байламды сөз, бәтуалы бағдар болды.
Руханият • 16 Қараша, 2018
Шерағаң – шарболаттай шамырқанып сөйлегенде шындықтың шырақшысына, ақиқаттың алдаспанына айналған қазақ баспасөзінің бас баһадүрі, сайыпқыран сардары Шерхан Мұртаза ағамыз бақилық болғалы да қырық күн өтіпті. Қырық күн бұрын қайран Шерағаң өзі айтқан «бір кем дүниеден» озып, ғапылдан ғайыпқа, пәниден бақиға – Айша анасы мен Тұрар көкесі мекен еткен мәңгілік ғарышқа сапар шеге барды. Сол күні халық қадірлі қайраткер қаламгерімен қимай қоштасты. Ақбас Алатау мен ару Алматы елмен бірге егіліп тұрды...
Қазақстан • 02 Қазан, 2018
Ұлы Даланың теңдессіз тарихнамасы
Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді.