Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
168 материал табылды

Әлем • 29 Тамыз, 2018

Өрісті Өтүкен, киелі Керулен. Моңғолия экспедициясынан түйген ой

Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Бұрынғылардың өнегелі істерін бағамдай білген жұрт болашаққа батыл қадам жасай алады. Тарихтан тағылым алғандар ғана өз тағдырын айқындай біледі. Сондықтан тарихты ұлт санасында сақталған ел мұратының жасампаз жылнамасы деуге болатын шығар.

20 Маусым, 2018

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Қазақстан • 13 Сәуір, 2018

Ұлы Дала Ренессансы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлтқа қазық, ұрпаққа азық боларлық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарияланғанына тура бір жыл толып отыр. 

Тарих • 27 Наурыз, 2018

Сарыбел шайқасы – Жетісу жерін жоңғардан азат еткен ұлы жеңіс

Отандық тарихнамада жоңғармен арпалыс кезеңі туралы жазғанда Орбұлақ пен Аңырақай шайқасы туралы жиі айтылатыны белгілі. Солай болуы да заңды. Дегенмен соңғы кезде табылған деректерді ақтарып, оларды халық зердесінің теңдессіз қазына-қоры – тарихи эпостарымызбен парықтап салыс­тырғанда, жоңғармен болған шешуші соғыстың соңғы нүктесін қойған тағы бір алапат шайқастың орны анықталып отыр. Қалжыраған алаш қайта сілкініп қайрат-күшін жиып, басы бір тудың астына түгел табысып, еңселі ел болуына баспалдақ болған сондай ірі оқиғаның бірі – Сарыбел шайқасы.

Президент • 19 Наурыз, 2018

Аймақтық интеграция  несімен маңызды?

Қазақстан Президенті тәуелсіз­діктің алғашқы жылдарынан бастап тамырлас, тағдырлас, бір кездері Түркістан деп аталған ұланғайыр аймақ – Орталық Азияның ортақ мәселелерін өзара шешуді көздейтін интеграциялық бастамалар көтеріп кел­гені белгілі. Осы мақсатта ірге­лес елдердің басшыларын тарихи Орда­басыға шақырып, Орталық Азия елдерінің одағын құруды да ұсынды. Алайда аймақ елдері ынты­мақтас­тықты жандандыратын бұл бастама­ларға түрлі себептермен лайықты деңгейде қолдау көрсете алмай келді.

Әдебиет • 08 Наурыз, 2018

Шаңырақ (әңгіме)

Жер аяғы кеңи бере басталып, қызу жүрген құрылыс күзге таман аяқталып қалды. Анасының айтуы бойынша ескі тамның сынық ағашына тиіспестен, барлығын жаңадан алып, шымқай қызыл кірпіштен өріліп, сәулетін асырып-ақ салды. Айналаға айдындана қарағандай сәндене бой көтерген еңселі ғимарат Көксудағы ең көрікті үйлердің қатарына қосылды.

Таным • 08 Наурыз, 2018

«Әлеуметтік мемлекеттің» қазақстандық моделі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парла­менттің бірлескен отырысында ел тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін, әлеуметтің әлеуетін арттыра түсетін бес бастамасын жария­лағаны белгілі. Президент ұсынған қадамдардың маңызы мен ауқым­ дылығы тұрғысынан Қазақстанның әл-ауқатын еселеумен бірге әлемдегі «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасының қазақстандық моделін нақтылай түсті.

Президент • 19 Қаңтар, 2018

Төрткүл дүниеге төрелік айтқан тарихи сәт

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталас өтті. 

18 Қаңтар, 2018

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз.