Руханият • 01 Қазан, 2020
Алтайдан Атырауға, Алатаудан Қаратауға дейінгі Ұлы дала бесігінде үздіксіз ұрпақ өрбітіп өсіп-өнген қазақ ататегінің елу ғасырлық шежіресін шерткен жылнамашы, қазақ халқының қола дәуірден бүгінге дейін кең-байтақ киелі атажұртында кіндігі берік байланып, нәсіл-жұрағатын өсіріп өрбітіп, ел мен жерінің тамырластығы біте қайнасып, біртұтас құбылысқа айналғанын әлемдік ғылымның қазіргі жетістіктерімен өрнектеп айғақтаған тарихтың тамыршысы, сақтардың сарқыты болған қазақ жұрты сан ғасыр сапырылысқан халықтардың ұлы көшіне араласып, алты Алаш атанып, өзінің атақоныс мекенінде ежелден бері бірегей популяция түзіп, тегі мен түр-тұлғасы біртұтас ұлтқа айналғанын дәйектеген ғұлама – бүгін тоқсанның төріне шығып, топжарып отырған тарланбоз тарихшы, ҰҒА академигі, Болония академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, отандық антропология ғылымының атасы Оразақ Смағұлов.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2020
Мұзарт Мұқағалидан бозбала кезінде бата алған, мұзбалақ шағында «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлының шығармашылық асыл арқауы ұлт рухының болмыс-бітімімен қабат өріліп, бірегей тұтастыққа ұласып кетуі бүгіндері өлеңді кие тұтқан қара орман халықтың бөлінбес ырысы сынды қастерлі құбылысқа айналды. Әр өлеңі әнге сұранып тұрған, толғаулары жыраулар сарынымен үндес, қара өлеңнің өрісін кеңітіп, тұлпар қанат бітірген, эпикалық кең тынысты поэмалары арқылы алаш тарихының алып панорамасын сомдаған ақын бүгіндері алдыңғы буын ағаларындай ұлтының ар-намысы үшін үн қататын қайраткер қаламгерге айналды.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2020
Есте жоқ ықылым замандардан, адам баласы қоғам боп қалыптаса бастағаннан бері абыздар мен пайғамбарлар, ойшылдар мен патшалар мәңгілік өмір мен бақыттың, ізгілік пен қайырымдылықтың, құтты қоныс пен өрелі өлкенің кілтін іздей бастаған. Мәңгілік өмір сүруге ынтық Гильгамеш (Білге кісі), ажалдан қашқан Қорқыт, тіршілік суын тапқан Қызыр, мәңгі ел мұратын ұсынған Тоныкөк, Өтүкенді жер-жаһанның ортасы деп білген Білге қаған, қайырымды қоғамды аңсаған әл-Фараби, ізгілік іздеген Жүсіп Баласағұн, Желмаясымен Жерұйыққа жетпек болған Асан қайғы, әділетті сүйген Абай – күміс қоңыраулы керуендей ғасырларды көктей өткен халқымыздың асыл арман-аңсарының бір көрінісі ғана. Жер үстіндегі жұмақты іздеп, ой азабын арқалаған осы абыздардың қайырымды қоғам, бақытты ел туралы толғамдарының бір түйіні әділет деген ұғымға келіп тіреледі екен. Бүгінгі мақаламызда соның бір парасына тоқталмақпыз.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
Даңғазаның дүрмегі һәм Абай тағылымы
Пейілінің ішіне дала түнеп, көңіл көзісіне көркем ниетін толтырған қоңыр төбел қазақтың қуанышын әлемге жар салып, жария етпесе әсте тыныш ұйықтай алмайтыны несі осы? Бесік той, шілдехана, құрсақ шашу, сүндет той, тілашар, қыз ұзату, үйлену тойы, құдалық күту, мерейтойдан бастап, түрлі дүрмек жиындармен астасып жататын дүр-думанның естісі мен есері екі бөлек. Астамшылыққа ат мінгізіп, алыстағы ағайынын әурелетіп туған күні мен қызметке тұрған күнін атап өтетін дарақылықты халықтың қай мінезіне жоримыз.
Таным • 10 Тамыз, 2020
Абай және Гаспыралы: жәдитшілдік мұрасы
Сахарада туып, «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде өскенімен соны сүрлеу салып, сансыраған сананы сілкіндіріп, қазақтың қадірлісіне ғана емес, адамзаттың ардағына айналған Абайдың мұрасы – көнермейтін көмбе, өшпейтін өнеге, сарқылмайтын қазына. Сондықтан ескінің соңы, жаңаның басы болған Абай қашанда Алаштың аспанында туған айдай жарқырап тұрады. Арнайы «Абай күнін» белгілеп, ұлы данышпанның 175 жылдығын бүкіл ел болып атап өтіп жатқанымыз соның айғағы.
Таным • 30 Шілде, 2020
Оқшаулану кезінде біраз кітап ақтарып, фильм қарауға мүмкіндік алдық. Соны пайдаланып көрші мемлекетте шыққан «Алтын Орда» атты сериалды мұқият көріп шықтым. Мұның алдында «Орда» деген фильмі үлкен дау туғызғандықтан Ұлық Ұлыстың 750 жылдығы қарсаңында шыққан, біздің көптеген қандастарымыз ойнаған сериалдан соны жаңалық, бір жақсылық күткен едік, онымыз бекер болып шықты. Әсіресе, Берке ханды ұнамсыз кейіпкер ретінде көрсетуі бізді біраз ойға қалдырды, қолға қалам алдырды.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
Руханият • 26 Маусым, 2020
Құранда Алланың аяты қаламға және оның жазуына серт берумен басталады. Түптеп келгенде Құранның өзі – кәлам, аянның өзі – баян. Кәлам – Алланың сөз сипатының сәулесі. Жаратылыстағы ең асыл қазына ақыл десек, сөз – сол ақылдың жаңғырығы.
Руханият • 22 Маусым, 2020
Адамзат ақыл-ой қазынасының інжу-маржаны болып саналатын түркі даналарының мәңгілік мұралары алыс ғасырлар қойнауынан желі тартқан тоғанақты керуеннің қоңырау үнін біздің заманымызға еміс-еміс жеткізуімен ұрпақ жадысын оятып жаңғырта түсетіндей. Тоныкөк, Йолығтегін жыраудан кейін сан ғасырдан соң қайсар рухты жауынгер жұрттың жорық жырларын сол замандағы озық араб-парсы өлеңінің лирикалық иірімімен жарыстырып, мазмұн мен түрін байытып, нәзік бедер сіңіріп, түркінің жаңа дәуірдегі классикалық поэзиясы етіп жаңаша жасақтап, тарихта бұрын-соңды болмаған көркемдік белеске шығарған дарабоз ақын – Әлішер Науаи.
Руханият • 12 Маусым, 2020
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың алдында ант беріп, Қазақстан Президенті қызметіне ресми кіріскеніне бір жыл толды. Наурыз айында Президенттік лауазымды қабылдап алғаннан кейін алғашқы сұхбатын ел газетіне берген Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің басты ұстанымдары ретінде сабақтастық, әділеттілік және даму екенін айтқан еді. Сондықтан, сынға толы бұл бедерлі белесті біз «сабақтастық пен әділеттілік салтанат құрған даму жылы» болды деп бағалай аламыз.