Жәдігер • 12 Қазан, 2023
Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин музейінде ардақты тұлғаның әулетінде атадан балаға мирас болып келген қасиетті Қағбаның жібек жіппен әдіптелген мақпал жамылғысы – Қисуа сақталған.
Әдебиет • 08 Қазан, 2023
Бабаларымыз жылқыны «төрт түліктің төресі» деп қана емес, ел қорғаған ердің қанаты деп дәріптеген. Шынында да, «мінсе – көлік, жесе – азық, ішсе – сусын» болған жылқының қасиеті бөлек. Көркем әдебиетімізде «кейіпкерге» айналған жылқылар туралы жазылған шығармалардың да қарасы мол. Сол қатарға белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының «Соңғы шабыс» атты әңгімесін ұялмай қосуға болады. Бұл туынды 1969 жылы жазылса да, қайталап оқығанда кеше ғана өмірге келгендей әсерге бөлейді. Әсіресе қаламгердің көркемдік шеберлігі, шығарманың шынайылығы, кейіпкерлер болмысы – оқырманды жіпсіз байлап, жетелеп әкетеді. Мұнда бір кезде бәйгенің алдын бермеген Месторының мұңлы тағдыры байыпты баяндалған.
Жәдігер • 05 Қазан, 2023
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың домбырасы сақталған. Жалпы, жұртшылық Амангелдіні алдымен батыр деп біледі. Ал оның өлең шығарып, домбыра тартқанынан бейхабар. Шындығына келгенде, халық батыры сегіз қырлы, бір сырлы тұлға болған.
Тағзым • 02 Қазан, 2023
«Жігіттің сұлтаны еді Әбдіғапар»
Арқалық қаласының жанындағы Жаңақала ауылы енді ресми түрде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының бірі Әбдіғапар Жанбосынұлының есімімен аталады. Осыған орай тұғырлы тұлғаның есімін ұлықтаған мәдени іс-шара өтті.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2023
Шын мәнінде, қазақ әдебиетіне құбылыс болып келген таланттар өте сирек. Сол сиректің бірі – Оралхан Бөкей. Қабырғалы қаламгердің шығармалары туралы сөз болғанда, бір оқырмандар оның қарапайым еңбек адамдары, олардың жанқиярлық еңбегі туралы жазған «Өз отыңды өшірме» мен Алтай тауындағы омарташылардың қым-қуыт тіршілігі арқылы, ондағы Таған атты жастың маскүнемдік дертке душар болған себебін сезімталдықпен баяндаған «Атау кере» романын жоғары бағаласа, енді біреулері адам жанының қырық қатпарына терең бойлаған психологиялық иірімдерге бай повестері мен әңгімелерін сүйіп оқиды. Келесі бір оқырмандар пафосқа толы екпінмен көркем жазылған публицистикасын жақсы көреді. Қысқасы, жазушының қай-қай шығармасының да шоқтығы биік, кейде ол оқырманды тұңғиық ойға батырса, кейде жылы шуаққа бөлеп, ақ жаңбырдай төпелеген кестелі тілімен желдіртіп отырады.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2023
Жалпы суретшілер әлемі жұмбақ пен аңызға толы болса да, олардың шығармашылығы туралы көп айтыла қоймайды. Мәселен, қазақ бейнелеу өнері дегенде, алдымен ойымызға соның негізін қалаған Әбілхан Қастеевтен бастап, Айша Ғалымбаева, Молдахмет Кенбаев, Қанапия Телжанов, Әбубәкір Ысмайылов, Сабыр Мәмбеев, Гүлфайрус Ысмайылова, Салихитдин Айтбаев, Тоқболат Тоғысбаев секілді санаулы ғана қылқалам шеберлері түседі. Ал осы өнердің дамуына зор үлес қосып, мол мұра қалдырған қаншама талантты тұлға бар. Солардың дені ұмытылып барады. Сондай дарабоздың бірі – Әлі Жүсіпов.
Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2023
Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақын, көрнекті қоғам қайраткерінің бұрынғы Ақмола – қазіргі Астана қаласында 1920 жылдары тұрған үйінің суреті сақталған.
Тұлға • 24 Қыркүйек, 2023
Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің 90 жасқа толуына арналған «Толғауы тоқсан Тарази» атты салтанатты кеш өтті. Жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, өңірден келген жазушының жерлестері, қаламгер шығармасын құмартып оқитын оқырманы қатысты.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2023
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның өткен ғасырдың 1960-1980-жылдары аралығындағы ұлттық бояуға бай, кестелі тілімен көркем жазылған шұрайлы әңгімелерін оқып отырып, жыл өткен сайын сол туындылардың құндылығы артып, қын түбінде жатқан болат кездіктей өткірлене түскенін көресің. Бұл шығармалардың ерекшелігі – сол дәуірдің өзінде әр кейіпкердің бойынан халқымыздың болмысына тән мейірімділік, ізгілік, адалдық, имандылық секілді асыл қасиеттерден қалай алыстап бара жатқанын тап басып жазады.
Басылым • 19 Қыркүйек, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында белгілі журналист, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбайдың «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға қаламгерді жақын білетін зиялы қауым өкілдері, замандастары, жерлестері қатысты.