Сұхбат • 14 Қыркүйек, 2023
– Ассалаумағалейкум, аға! – Уағалейкумассалам!– Қай баласың?– Астанадағы «Egemen Qazaqstan» газетінен хабарласып тұрмын, – деп едім, Пернебай ағаның дауысы жадырап: – Айналайын, сонау бас қаладан қоңырау шалып тұр екенсің, мың алғыс. Мен еліміздегі бас басылымның оқырманы ғана емеспін, тұрақты авторымын. Талай танымдық мақалаларым, эсселерім жарық көрді. Жасым ұлғайса да түгін қалдырмай оқимын, –деп ақтарыла жөнелді.Бала кезімнен жеткіншектерге арнап жазған шығармаларын сүйіп оқыған жазушымен екеуара әңгімеміз осылай басталды. Ауылда тұрып-ақ әдебиетіміздің қазынасын байытып, қаншама баланың санасына көркемсөз сәулесін түсірген сыршыл суреткермен кездесіп, әңгімелессе ғой деп ойлаушы едім. Соның сәті де орайымен келіп, қабырғалы қаламгермен өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгімелестік.
Тұлға • 14 Қыркүйек, 2023
Былтыр ел Үкіметінің қаулысымен белгілі журналист, сатирик Жұматай Сабыржанұлының есімі туған жері – Қостанай облысы Амангелді ауданы Қабырға ауылындағы орта мектепке берілді. Осыған орай аталған білім ордасында қаламгер есімін ұлықтауға арналған мазмұнды іс-шара өтті.
Ұстаз • 12 Қыркүйек, 2023
Әзербайжандық ұстаздарды оқытты
Бакуде әзербайжандық мұғалімдердің үлкен тобына «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаты табыс етілді.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2023
Жалғызілікті ана, қамкөңіл бала...
Ұмытпасам, 2000-жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде «XX ғасырдағы қазақтың үздік жүз әңгімесіне қай қаламгердің туындысын ұсынар едіңіз?» деген шағын сауалнамаға белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып «Қажығали Мұханбетқалиұлы. Муратик» деп жауап бергені бар. Шынымды айтсам, оқушы кезімнен Қажығали ағаның шығармаларымен жақын таныс болсам да, дәл осы әңгімесін оқымаған екенмін. Бірақ Иран-Ғайып ағаның жауабы қатты қызықтырып, осы туындыны оқуға аңсарымды аударды.
Театр • 11 Қыркүйек, 2023
Жайдарлы күз келіп, еліміздегі театрлардың да жаңа маусымы басталды. Елордадағы «Астана Опера» театры XI маусымын ұлттық рухани қазынамыздың інжу-маржанына айналған заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашты. Еліміздегі бірегей өнер ордасының үздік туындыларының біріне айналған бұл қойылым үшін аталған театр осыдан бес жыл бұрын Мемлекеттік сыйлықпен марапатталған еді.
Таным • 10 Қыркүйек, 2023
Бір ауылда туып, бір мектепте оқып, құлын-тайдай шұрқырасып өскен сыныптас достармен басымыз қосыла қалғанда осы әнді шырқай жөнелеміз. Ән шумақтарын бәріміз де жатқа білеміз. Оны бізге дейін әке-шешеміз де, аға-апаларымыз да талай мәрте шырқаған еді. Тіпті мұқым қазақ шырқайды десек артық айтпаймыз. Сонда бұл әннің қандай құдіреті бар? Кейде адамның ой-қиялы, ұғымы жетпейтін дүниелер болады ғой. Әлде сондай ма екен?
Мәдениет • 08 Қыркүйек, 2023
1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына орай белгілі күйші, Мәдениет қайраткері Айтбай Мұздахановтың «Амангелді дүбірі» атты күйіне бейнебаян түсірілді. Кеше осы бейнебаянның «Хабар» арнасының «Оян!» таңғы ойын-сауық бағдарламасында тұсаукесері өтті.
Жәдігер • 07 Қыркүйек, 2023
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің өз қолымен тапсырған қолжазбалары, қаламгерлермен, оқырмандарымен жазысқан хаттары, тұтынған заттары және кітаптары сақталған. Солардың ішінде тамыры бір туысқан өзбек халқының ардақты ақынның иығына жапқан шапаны да бар.
Өнер • 06 Қыркүйек, 2023
Астанадағы Ұлттық музейде корей суретшісі – иллюстраторы У Наённың «У Наёнмен Қазақстанда кездесу: ертегілердегі ханбок» атты тамаша көрмесі ашылды. Көрме болғанда қандай, аузыңды ашып, көзіңді жұмасың. Бұл мазмұнды іс-шара іргелі екі ел арасындағы мәдени алмасу жылы аясында ұйымдастырылды. Оған Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы мұрындық болды.
Ұстаз • 05 Қыркүйек, 2023
Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты ІІ республикалық форум өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген 180-нен астам жас мұғалім қатысты.