Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Өмірде бір көргеннен есіңізде қалатын адамдар болады. Сондай аяулы жанның бірі – өлкетанушы қаламгер Клара Әмірқызы. Мен ол кісіні алғаш 1995 жылы көрдім. Бірінші курс студентіміз. Қазіргі бас қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында әдебиетке жақын жастарға «Арай» студиясы жұмыс істейді дегенді естіп, бірге оқитын досымыз екеуміз келдік. Сөйтсек, осы студияны ашқан Клара апа екен. Бізді жылы қарсы алып, жақын тартып сөйлесіп, мейірімді жүзімен «енді келіп тұрыңдар» деді. Осы бейнесі жадымда ұмытылмай қалды. Ол кісі әр іс-шараны өте қызықты өткізетін. Бірде студияға жергілікті ақын-жазушыларды шақырып кездесу ұйымдастырса, енді бірде Ақмола өңірінің тарихы, көне жер-су атаулары және осы өлкеден шыққан атақты адамдар туралы тағылымды әңгіме өрбіткені есімде.
Театр • 18 Тамыз, 2022
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
«Астана Опера» сахнасында өнер көрсетіп, елордалықтарды жылы әсерге бөлеген Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері мен музыканттары гастрольдік сапарын қорытындылады.
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Атақты Балуан Шолақ бабамыздың «Ғалия» әніне себепкер болған Ғалия туралы не білеміз? Шынымен де, әрі балуан, әрі әнші, әрі сері Балуан Шолақты ынтықтырған Ғалия кім болды екен?
Әдебиет • 15 Тамыз, 2022
Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдардың басында әдебиетімізге талантты бір толқын келді. Олар «әдебиетке мен келдім» деп кеуде қағып өрекпіген жоқ, көркемсөз табалдырығын сыпайы аттады. Алайда бұл буынның көркемсөз өнеріндегі жолы жеңіл болды дей алмаймыз, олардың алаңсыз шығармашылықпен айналысып, том-том кітап жазуға мүмкіндіктері болмады. Бір-екі кітабы жарық көріп, елге таныла бастағанда қайта құру басталып, тоқырау заманына килікті. Қаламақы да көзден бұл-бұл ұшты. Сондай түрлі қиындыққа қарамастан олар шығармашылықтан алыстамай, ел сүйіп оқыған көркем дүниелер жазды. Қазір олардың да жасы жетпістен асып, аға буынға айналды. Осы буынның бірегей өкілі, жазушы-драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлы.
Өнер • 15 Тамыз, 2022
Елордада біраз жылдан бері дәстүрге айналған «Азия жаңғырығы» атты XIII цирк өнері фестивалі қайта жаңғырды. Әлемді жайлаған індетке байланысты екі жыл үзілістен соң қайта бастау алған айтулы байқауға әлемнің 13 еліндегі цирк өнерінің үздік әртістері келді. Ауқымды мәдени іс-шараны өткізуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдау көрсетті.
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетовтің Абылай хан бабамыздың балауыздан жасаған бейнесі ерекше әсерге қалдырады. Өз кейіпкерінің мүсінін шынайы кейіпке жақындатып, дәл осындай нақты дәлдікпен жасау – үлкен шеберлікті талап етеді. Шындығын айтқанда, бұл екінің бірінің қолынан келмейді.
Кино • 10 Тамыз, 2022
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Жақында отандық бір телеарнадан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елімізден қиырдағы Украинаға мал айдап барған қазақстандықтар туралы «Ұзақ құс жолы» атты көркем фильм көрсетілді. Бұл туынды 1983 жылы жарыққа шыққан, оны түсірген – қазақ киносының қазынасын «Ақырғы аманат», «Охрана бастығы», «Ебелек», «Кімсің сен, шабондоз?» атты бірегей туындыларымен байытқан айтулы режиссер Амангелді Тәжібаев еді.
Театр • 09 Тамыз, 2022
Елордаға Түркістан театры келеді
Алдағы 27-28 тамызда Түркістан музыкалық драма театрының әртістері бас қалаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Операның» Үлкен залында елорда тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы желісімен қойылған «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынады.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен түрік тіліне аударылып жарық көрген академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың «BENIM AVEZOVUM» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов және көрнекті ғалым Зейнолла Қабдоловтың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Руханият • 07 Тамыз, 2022
Жалпы, бізде ұлттық идеология бар ма? Әрине, жоқ деп айта алмаймыз, бар. Бірақ иә, бірақ... Жә, алдымен, аз-кем идеология деген сөзге тоқталайық. Қазақ совет энциклопедиясының 4-томында: «идеология – таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берген. Бұл терминді алғаш француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданып, ол «идеологияның элементтері» атты төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және т.б. әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс.