Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Руханият • 06 Наурыз, 2022

Ана мейірімі

Осы суретке көз алмай қараймын. Жаныңызды баурап алатын бір сырлы сұлулық бар. Бойыңызды сағыныш билеп, нәзік әуенге елтігендей күй кешесіз. Көз алдыма анамның жас кез келді. Бір қарағанда, ұқсайтын секілді. Керімсал дала, жайқалған көк майса. Арғы жағынан таулардың сұлбасы ағараңдайды. Ошақта жанған от үстіндегі қазанға қарап, мейірімді жас ана ойға батқан. Не ойлап отыр екен дейсіз... От –деген өмір. Өмірдің ұйытқысы –ана. Осы екі ұғым бір-бірімен сәтті үйлесім тапқан.  

Театр • 03 Наурыз, 2022

Симфониялық оркестрдің дебюті

Жуырда «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің алғашқы концерті өтіп, оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, жаңа өнер ұжымына табыс тіледі.

Өнер • 03 Наурыз, 2022

Жұбановтар әлемі

«Астана Операның» Күләш Бәйсейітова атындағы камералық залында көрнекті композитор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жұбановтар әлемі» атты музыкалық кеш өтті. Мазмұнды іс-шараны Қазақстан Композиторлар одағы ұйымдастырды.

Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Ең ғажайып шана

Биылғы Балалар жылы аясында елордадағы Алматы ауданы әкімдігі «Ақбұлақ» мұз айдынында 5 пен 7 жас аралығындағы балаларға арнап «Ең ғажайып шана» атты қызықты байқау өткізді.

Өнер • 28 Ақпан, 2022

Әлем көшірмесін бейнелеген...

Елбасы кітапханасы­ның көркемсурет галерея­сын­да талантты суретші Гүл­­марал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты же­ке көрмесі ашылды. Маз­мұн­ды шара «Тәуел­­сіз­­­діктің мәдени ко­ды» жо­басын жүзеге асыру аясында ұйымдас­ты­рылды.

Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Бос мақтанға құмарлық

Осыдан  екі-үш жыл бұрын астанада белгілі ғалымның мерейтойлық кеші өтті. Сондағы бір көрініс есімде қалып қойды. Кеште алдымен сөз алған жүргізуші жігіт мерейтой иесін мақтап, аспандата жөнелді. Барлық алған атағы мен жазған кітаптарын тізді, қыза-қыза оны өмірден өткен ұлы тұлғалармен теңестіруге дейін барды. Сол кезде ғалым ағамыз шыдамай кетті ме, орнынан тұрып: «Айналайын, тонды төмен алып сөйле, ұят болады» деді.

Қоғам • 23 Ақпан, 2022

«150 жылдыққа −150 шақырым»

Таяуда астанада Ахмет Байтұрсынұлының айтулы мерейтойына арналған «150 жылдыққа − 150 шақырым» атты алғашқы қысқы веломарафон өтті. Оған танымал велошабондоз, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, жалғыз өзі елордадағы Триатлон паркінде елу айналым жасап, 150 шақырымды еңсерді.

Әдебиет • 22 Ақпан, 2022

Жырдың жезкиігі

Биыл көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды. Соған орай астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ардақты ақынды еске алуға арналған «Жыр әлемінің жезкиігі» атты әдеби кеш өтті.

Әдебиет • 22 Ақпан, 2022

Эстет қаламгер әлемі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетіндегі «Кәусар» мәдени-та­нымдық бірлес­ті­гінің ұйытқы болуымен белгілі қа­ламгер, Прези­дент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбаймен әдемі әсерге толы оқырмандардың кездесуі өтті. Мазмұнды іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты, қаламгер Сауытбек Абдрахманов, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сы­д­ықов, «Тұран» университетінің ректоры Рах­ман Алшанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқар­масы төрағасының орынбасары, жазушы Мереке Құлкенов, сатирик Көпен Әмірбек, публицистер Жанболат Аупбаев пен Шархан Қазығұл және ақындар Ғалым Жайлыбай мен Қасымхан Бегманов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өнер • 21 Ақпан, 2022

Қыз Жібек, Тебальдо, Джанетта...

Осыдан бес жыл бұрын «Астана Опера» театрында қазақ операсының інжу-маржанына айналған «Қыз Жібек» туындысының премьерасы қойылып, сондағы басты рөлді жас өнерпаз Назым Сағынтай ойнап, талғампаз көрермендердің қошеметіне бөленді.