Театр • 27 Желтоқсан, 2021
Елордадағы «Астана Опера» театрында КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 95 жыл толуына орай тамаша гала-опера кеші өтіп, онда өнері аңызға айналған тұлғаның өзі шырқаған туындыларымен бірге ұлттық және әлемдік опералардан ариялар, романстар мен аспаптық шығармалар орындалды.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Ұлттық бейнелеу өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп, биікке көтеріп жүрген жас талантты суретшілер жетерлік, соның бірі − Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, тарихи тақырыптарға жасқанбай қалам тербеп жүрген қылқалам шебері Бейбіт Бертаев.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2021
Аудармашы-журналист Есенқұл САФУАНИ: Маңызды құжатты қабылдау оңай болған жоқ
Өнер • 07 Желтоқсан, 2021
Тұлғаларды сөйлеткен туындылар
Қазақстаның Тұңғыш Президенті − Елбасы кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» атты жеке көрмесі ашылды.
Тарих • 04 Желтоқсан, 2021
Биыл қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып, оны еліміз жоғары деңгейде атап өтті. Бірде Ұлттық музейге барғанда ақын көзі тірісінде тұтынған бірқатар құнды жәдігер сақталғанын көрдік.
Елбасы • 03 Желтоқсан, 2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Елбасының жеке топтамасындағы жәдігерлер, мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, өнер туындылары және мәні зор тарихи құндылықтар жинақталған. Біз осы жолы музейдің «Даңқ» галереясындағы экспозициясын сөйлетсек дейміз. Онда Тұңғыш Президентіміздің жетекшілігімен жүзеге асқан Қазақстанның жаһандық саясатының дәлелдері жинақталып, 50-ден аса қоғамдық және жоғарғы мемлекеттік награда орналасқан.
Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2021
Қаламгерге арналған конференция
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ғалым, қарымды қаламгер Сауытбек Абдрахмановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Мәдениет, білім, ғылым ықпалдастығы және қазіргі медиакоммуникация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҰҒА академигі Бауыржан Омарұлы, көрнекті ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.
Елорда • 26 Қараша, 2021
Елордада Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Оқушыларымыздың қылқаламымен – Түркия» атты сурет көрмесі өтті. Бұл іс-шара түрік ақыны, ойшылы Юнус Эмренің дүниеден озғанына 700 жыл толуына орай өткізілді.
Театр • 24 Қараша, 2021
Жақында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрында белгілі хореограф Василий Медведевтің редакциялауымен Рикардо Дригоның музыкасына жазылған «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты бірегей балеттің әлемдік премьерасы қойылды.
Тәуелсіздік • 24 Қараша, 2021
Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы − Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты егемен ел шежіресін баяндаған көрме ашылды.