Қоғам • 08 Наурыз, 2022
Биыл Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың туғанына 115 жыл толады. Соған орай елордадағы Ұлттық музейде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін игі дәстүрге айналған «Таң Шолпан» атты көрме өтті.
Руханият • 06 Наурыз, 2022
Осы суретке көз алмай қараймын. Жаныңызды баурап алатын бір сырлы сұлулық бар. Бойыңызды сағыныш билеп, нәзік әуенге елтігендей күй кешесіз. Көз алдыма анамның жас кез келді. Бір қарағанда, ұқсайтын секілді. Керімсал дала, жайқалған көк майса. Арғы жағынан таулардың сұлбасы ағараңдайды. Ошақта жанған от үстіндегі қазанға қарап, мейірімді жас ана ойға батқан. Не ойлап отыр екен дейсіз... От –деген өмір. Өмірдің ұйытқысы –ана. Осы екі ұғым бір-бірімен сәтті үйлесім тапқан.
Сұхбат • 03 Наурыз, 2022
Сламбек Тілеуғабылұлының саналы өмірі қазақ киносымен тығыз байланысты. Бүкілодақтық кинематография институтын тәмамдағасын, ұзақ жылдар «Қазақфильм» киностудиясында қатардағы маманнан директорлыққа дейінгі жолдан өтіп, ұлттық киномыздың дамуына үлесін қосты. Алайда көзіқарақты қауым оны талантты режиссер ретінде жақсы біледі. Жұртшылық қызығып көретін бірқатар көркем, деректі фильмнің авторы. Қазір елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Жуырда ол кісімен кездесіп, кино тақырыбында әңгіме өрбіткен едік.
Театр • 03 Наурыз, 2022
Жуырда «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің алғашқы концерті өтіп, оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, жаңа өнер ұжымына табыс тіледі.
Өнер • 03 Наурыз, 2022
«Астана Операның» Күләш Бәйсейітова атындағы камералық залында көрнекті композитор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жұбановтар әлемі» атты музыкалық кеш өтті. Мазмұнды іс-шараны Қазақстан Композиторлар одағы ұйымдастырды.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Биылғы Балалар жылы аясында елордадағы Алматы ауданы әкімдігі «Ақбұлақ» мұз айдынында 5 пен 7 жас аралығындағы балаларға арнап «Ең ғажайып шана» атты қызықты байқау өткізді.
Өнер • 28 Ақпан, 2022
Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында талантты суретші Гүлмарал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты жеке көрмесі ашылды. Мазмұнды шара «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Осыдан екі-үш жыл бұрын астанада белгілі ғалымның мерейтойлық кеші өтті. Сондағы бір көрініс есімде қалып қойды. Кеште алдымен сөз алған жүргізуші жігіт мерейтой иесін мақтап, аспандата жөнелді. Барлық алған атағы мен жазған кітаптарын тізді, қыза-қыза оны өмірден өткен ұлы тұлғалармен теңестіруге дейін барды. Сол кезде ғалым ағамыз шыдамай кетті ме, орнынан тұрып: «Айналайын, тонды төмен алып сөйле, ұят болады» деді.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Таяуда астанада Ахмет Байтұрсынұлының айтулы мерейтойына арналған «150 жылдыққа − 150 шақырым» атты алғашқы қысқы веломарафон өтті. Оған танымал велошабондоз, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, жалғыз өзі елордадағы Триатлон паркінде елу айналым жасап, 150 шақырымды еңсерді.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
Биыл көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды. Соған орай астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ардақты ақынды еске алуға арналған «Жыр әлемінің жезкиігі» атты әдеби кеш өтті.