Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Руханият • 22 Сәуір, 2022

Рая апа

Тың игеру жылдары біздің ауылға бір топ өзге ұлт өкілдері көшіп келіпті. Айтпақшы, сол жылдары орта мектеп те екі тілді білім ордасына айналған. Үлкендердің айтуынша, сол кезде ауылда неше түрлі хикая болыпты. Оның шет жағасын соның бел ортасында жүрген ағаларымыздан өзіміз де естідік. Олар алғашқыда өзге ұлт өкілдерімен талай жаға жыртысыпты. Кейін бір-бірімен түсінісіп, жақын араласып кеткен.

Кино • 20 Сәуір, 2022

Қазақ киносының олжасы

Кейінгі жылдары түсірілген отандық көркем фильмдер арасынан «Оралман» туын­дысын ерекше айтуға болады. Мұнда жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары кеңес саясатының зұлымдығынан Ауғанстанға көшуге мәжбүр болған қазақ отбасы туралы баяндайды. Кинодағы бас кейіпкер Базарбай қарияның бір қызы мен ұлы сол жақта өмірге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті ұлттан келіншек алса, қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Арада қанша жылдар өтсе де, Базарбай қарт атамекенін аңсап, соған қайта оралуды ойлап жүреді. Ақыры, Қазақ елі егемендігін алып, ақ түйенің қарны жарылған күн туды. Базарбай ақсақал атажұртқа көшуге рұқсат беретін квота алып, жолға шығады. Таулы қышлақтан шыққан отбасын ұзақ жол күтеді.

Сұхбат • 19 Сәуір, 2022

Серікжан Әбдінұров: Балаларға музыка жазу өте қиын

Қазақстан Композиторлар одағы елордаға көшіп келді. Қазір оны белгілі композитор Серікжан Әбдінұров басқарады. Ол кісі бұған дейін он жылға жуық астанадағы аталған одақтың филиалына жетекшілік етті. Музыкасүйер қауым композитордың «Көк бөрі аңыздары» балеті, «Махаббатым менің» операсын және «Керей-Жәнібек», «Ұлы шеру» симфониялық дастандары мен «Сақтар», «Бәйге» атты симфониясын жақсы біледі. Ел көңілінен шыққан әсем әндері де бар. Біз бүгін Серікжан Құттымбетұлымен өзі басқарып отырған Одақтың жай-күй мен қазіргі қазақ музыкасы туралы аз-мұз әңгіме өрбіттік.

Өнер • 18 Сәуір, 2022

Портрет жанрының шебері

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпірдің Zhanuzak атты кітап-альбомы таныстырылды.

Руханият • 18 Сәуір, 2022

Құндылық

Бірде таныс ағамыз қызық әңгіме айтты. Өзі тұратын көпқабатты үйдің іргесіндегі көкөніс сататын дүңгіршектен бір орыс әже жиі жеміс-жидек алады екен. Кейде сол кейуана дүңгіршек иесіне ертеде жарық көрген ескі кітаптарды әкеп береді. Саудагер жігіт ол кі­таптарды алып қалғанымен, оны оқымайды. Әйтеуір тегін кел­гесін бір қажетке жарар деп алып қалады. Сол кітаптарды алып қараса, қолға сирек түсетін шы­ғар­малар екендігін байқайды. Арасынан атақты жазушы Джон Стейнбектің алты томдығын, кеңес заманында оқуға тыйым салған Андрей Платоновтың туындыларын көреді. Сөйтіп, өзіне ұнаған бір топ кітапты үйіне арқалап алып кетеді.

Елорда • 15 Сәуір, 2022

«Бозоқ» жобасының бірегейлігі

Елордада Ғылым күніне орай «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) бірлесіп,Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қатысуымен «Бозоқ» ұлттық паркі жобасы аясында түркі тарихи-мәдени мұрасын репрезентациялау мен зерттеудегі жаңа бағыттар» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Әдебиет • 14 Сәуір, 2022

Алғашқы кездесудің естелігі

Былтыр дүние салған белгілі қаламгер, тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы аға 75 жасқа толғанда газетке сұхбат алдым. Сонда ол кісі өзі жақын араласқан халқымыздың талантты тұлғалары туралы естелік айтып, олармен бірге түскен суреттерін көрсетті. Соның ішінде қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповпен түскен суретіне ерекше тоқталды. Сұлтан ағаның айтуынша, бұл фото 1973 жылы 11 қыркүйекте Алматыда өткен Азия-Африка ақын-жазушыларының конференция­сы қарсаңында Қазақ телевизиясының шағын студиясында түсірілген.

Қоғам • 14 Сәуір, 2022

Oitek орталығы ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі, белгілі сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібекұлының Oitek ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды.

Әдебиет • 13 Сәуір, 2022

Әдебиеттанудағы бірегей тұлға

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 95 жыл толуына орай, ғалымның шәкірті, профессор Жандос Смағұловтың «Абыз ғалым, аңыз тұлға» атты дәрісі өтті.

Өнер • 12 Сәуір, 2022

Сағыныш әні

Қазақтың қай әні болмасын адам­ның нәзік пернесін тап басып, жан-жүйесін босататын, қайдағы бір қиялды қозғап, айран-асыр күйге түсіретін, енді бірде мұңды ойға батырып, өмірдің өткінші екендігін түсіндіретін, кейде тіпті көктемгі «алтын күрек» самалдай жаныңды желпитін сырлы сағынышқа толы болып келеді.