Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Театр • 13 Маусым, 2022

«Шехеразада» мен «Шопениана» – Шымкентте

«Астана Опера» театры осы маусым айында Түркістан облысы мен Шымкент қаласына гастрольмен барып, төрт күн бойы оңтүстік жұртшылығына бірегей қойылымдар мен кон­церт­тік бағдарламалар ұсы­нып, ға­жайып кеш сыйлады.

Қоғам • 12 Маусым, 2022

Бозоқтан Ботайға дейін...

Еліміздегі Ат туризмін дәріптеп жүрген шабандоздар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне саяхатқа шықты. Жеті күндік экспедицияның мақсаты – Бозоқ қалашығы мен Ботай мәдениеті секілді ұлттық маңызы бар ескерткіштерді жұртшылыққа кеңірек насихаттау. Сондай-ақ Қазақстандағы экологиялық туризмді одан әрі дамытуды да көздеген.

Әдебиет • 09 Маусым, 2022

Нияз шалдың немерелері

Әдебиетімізде Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы барынша кеңірек жазылды. Әсіресе қанды қырғынды көзімен көрген Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қалмұқан Исабай, Әзілхан Нұршайықов, Кемел Тоқаев, Өтебай Қанахин секілді жазушылар көлемді дүниелер жазып, соғыс сұмдығын көркем сөзбен кестеледі. Сондай-ақ бұл тақырыпқа сол жылдары өмірге келген ұрпақ өкілдері де белсене қалам тербеді. Олар ел басына күн туғанда, қолына қару алған әкелері мен тылда жеңісті жақындатуға жан аямай еңбек еткен аналары мен ата-әжелерінің бастан кешкен қиыншылығын шығармаларына арқау етіп, бірегей туындылар тудырды. Сондай жазушының бірі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Берік Шаханұлы.

Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Ғасыр жасаған басылым

Елордадағы Ұлттық музейде «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің жүз жылдығына орай «100 жасаған «Жас алаш» атты көрме ашылды.

Театр • 07 Маусым, 2022

Мәскеуден жүлдемен оралды

Мәскеуде дүркіреп өт­кен «Нано-Опера» V Ха­лық­аралық жас опера ре­жиссерлері бай­қауынан «Астана Опера» театрының режиссері Еренбақ Тойке­нов жүлдемен оралды.

Абай • 02 Маусым, 2022

Ақын мұрасын жаңаша зерделеу

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Абайдың шығармашылық мұрасының тарихи-этнографиялық контексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Руханият • 01 Маусым, 2022

Тұлғалар тағдырын толғаған

Қазақ әдебиетіне өз үні­мен, өзгеше бояуымен келген бел­гілі жазушының бірі –Ма­рат Мәжитов. 1973 жылы «Жұл­дызда» жарық көрген «Құмдағы із» атты әңгімесімен оқырманын елең еткізген прозаист қа­ламы­нан бірнеше повестер мен әңгіме­лер туды. Әсі­ресе тәуелсіздік­тен кейін жа­зушы кеңінен көсі­ліп, «Құныскерей» және «То­ба­нияз» атты қос роман жа­зып, әдебиетімізге мол олжа салды.

Абай • 01 Маусым, 2022

Абай ұлылығын айшықтады

Елордадағы Достық үйінде еліміздегі Әзер­байжан Респуб­ли­ка­сының елші­лігімен бір­лесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы «Абайдың ұлы­лығы немесе ХХІ ға­сырда ой­шылдың пор­третін жасауға талпыныс» атты кітап таныс­тырылды.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Азаттық жырының ақтаңгері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зар заман поэзиясының көрнекті өкілі, елдік пен еркіндіктің жыршысы Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Поэзиядағы Дулат Бабатайұлы дәстүрі және ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиын­ды Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдіктері ұйымдастырды.

Өнер • 31 Мамыр, 2022

Балерина биігі

Биылғы ақпан айында «Астана Опера» театры балет труппасы­ның талантты әртістері Бақтияр Адамжан мен Шұғыла Әдепхан Аустралияда Ballet International Gala әлемдік шоуы аясында табысты өнер көрсетіп, жасыл құрлық көрермендерінің көзайымына айналды. Атағы жер жарған Ковент-Гарден Корольдік балеті, Америкалық балет театры және Квинсленд балетінің жетекші солистері қатысқан дүниежүзілік деңгейдегі гала-көрсетілім 26 қаңтардан 5 ақпанға дейін жалғасты. Осы айтулы кеште талантты жұп А.Хачатурянның «Спартак» балетінен бір нөмір орындап, қазақ балеті ешкімнен кем еместігін дәлелдеді.