Қоғам • 04 Тамыз, 2022
Қайраткерлерге ескерткіш орнатылады
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Жиында сарапшылар монументалды өнер саласындағы өзекті мәселелерді де талқылады.
Әдебиет • 10 Шілде, 2022
Қазақ прозасында айшықты қолтаңбасын қалдырған көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Жолбарыстың сүрлеуі» атты хикаяты бар. Бас-аяғы жинақы, шымыр жазылған шығармадағы бас кейіпкер – Аяпберді қарапайым қойшы болса да өз-өзінің жан сарайына үңіліп жүретін философ.
Қазақстан • 04 Шілде, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа Қазақстандағы тіл білімі және сөзжасам мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиын филология ғылымдарының докторы, академик Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына арналды. Оған отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен оқытушылар қатысты.
Театр • 28 Маусым, 2022
«Астана Балет» театры елорда күніне арнап қала тұрғындары мен қонақтарына музыкалық тамаша тарту жасамақ. Дәлірек айтқанда, 2 шілдеде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахри қойған «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама Еуропа мен Американың ірі қалаларында көрсетіліп, көрермендердің ықыласына бөленген.
Руханият • 23 Маусым, 2022
Жақында белгілі суретші, режиссер, Қазақстан Суретшілер одағы мен Еуразия суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі және аталған академияның бірінші вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпір әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің Дамаск қаласындағы музейіне барып, ұлы ғалымның өмір жолын қылқалам күшімен айшықты бейнелеген кең көлемдегі «Балалықтан даналыққа жол» атты бес бөлімнен тұратын туындысын тарту етті.
Қазақстан • 23 Маусым, 2022
Бақытжан Ертаев: Әскерге бармаса да, барлық азамат Отан алдында ант беруі керек
Халқымызда «Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды» деген тағылымды тәмсіл бар. Сондай батыр да батыл тұлғаның бірі – Бақытжан Ертаев. Ол тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуына зор үлес қосты. Ауған соғысындағы жанқиярлық ерлігі де жас ұрпаққа үлгі. Біз бүгін қатардағы жауынгерден генерал-лейтенант шеніне дейінгі өнегелі әскери жолдан өткен айтулы азаматпен кездесіп, әңгіме өрбіттік.
Өнер • 23 Маусым, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде халықаралық ART TALK ІІ симпозиумын қорытындылаған көрме өтті.
Әдебиет • 15 Маусым, 2022
Біздің үйдегі ескі альбомда Сырбай Мәуленов пен әкемнің немере ағасы Байдақ көкемнің бірге түскен суреті бар. Екеуінің ол суретке қай жылдары түскенін білмеймін. Әйтеуір есімді білгеннен сол фотоны көрдім. Байдақ көкем – Қостанай облысы Амангелді ауданында есеп саласында ұзақ жылдар қызмет істеген, көзіқарақты, зиялы адам еді. Соғысқа қатысқан. Сырбай, Ғафулардан бастап, Сейіт Кенжеахметов, Қоғабай Сәрсекеев, Серік Тұрғынбеков және т.б. Торғай өңірінен шыққан ақын-жазушылармен жақын сыйласты. Әсіресе Сырбай, Ғафулармен көңілі жақын болып, олар елге келгенде қарсы алып, қонақ ететін. Айтулы екі тұлғаның ол кісіге деген құрметі де ерекше еді. Көкемнің өзі де ақын болатын, көзі тірісінде «Жазушы» баспасынан екі-үш жыр жинағы жарық көрген. Сондықтан мен Сырбай атамыздың жалынды жырларынан бұрын суретін көріп, бала күнімнен көңілімде жылы бейнесі сақталып қалды.
Таным • 15 Маусым, 2022
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы мұражайында Торғай өңірінен табылған қазба жәдігерлер арасында мезазой дәуірінде өмір сүрген акуланың тістері сақталған.
Қоғам • 14 Маусым, 2022
Бірде таныс ағамыз әлпештеп, аялап өсіріп отырған жалғыз қызын ұзатты. Алғашқы тойы болғандықтан ештеңеден тартынып қалмады. Елордадағы сәні мен сәулеті келіскен мейрамхананы жалға алып, дүркіретіп өткізді. Аста-төк дастарқан, риясыз пейіл, ақеділ көңіл… ернеуінен асып, сапырылып жатты.