Руханият • 18 Қазан, 2019
Мұхамеджан ұстаз тұтқан Барлыбек
Алаш арыстарын тану – сол заманның өзінен басталған екен. Аймүйіз қайраткерлердің бір-біріне жазған хаттары, бір-біріне деген құрметі мен лебізі, тіпті қайтыс болғанда қайғырып жазған мұнаһибтары да ерекше. Өмірде бірін-бірі құрметтеп, аға мен іні, ұстаз бен шәкірт болып өткен жандар – Барлыбек Сырттанұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлы еді.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Біздің кейіпкеріміздің аты-жөні – Индира Қалқабаева. Ол Алматы қаласындағы №12 емхананың дәрігері, Nur Otan партиясының мүшесі. Бұл оқиға «Жезқазған – Алматы» пойызында болған еді. Түс мезгілінде купеге жолсерік жүгіріп кіріп «жолаушылардың ішінде медбике немесе дәрігер бар ма?» деп сасқалақтап сұрады. Көрші вагондағы аяғы ауыр әйелдің хәлі нашарлап, шұғыл дәрігерлік көмек керек болып тұр екен. Оның өтініші Индираны бейжай қалдырмай, көмек қолын созды. Аяғы ауыр әйелдің жанына келіп, аты-жөні мен жүктілік мерзімін, бір сөзбен айтқанда, дәрігер-гинекологтар білуге тиіс мәліметтердің бәрін тәптіштеп сұрап алды.
Аймақтар • 18 Қазан, 2019
Ақтөбеде жыл басталғалы кинологтардың көмегімен 270 қылмыс ашылған
Қазақ халқы жеті қазынаның біріне балаған иттің адамның ежелден досы екені, әсіресе аталған жануарды адамдар түрлі мақсатта пайдаланатыны баршаға белгілі. Еуропа елдерінде жан күйзелісіне ұшырағандарды емдейтін арнаулы орталықтардың негізгі «жұмысшылары» да — осы төрт аяқтылар. Біздің мемлекетте бұл соншалықты дами қоймағанымен, есесіне, кинологтық қызмет орталығының жұмысы жыл өткен сайын жанданып келеді. Біз полицейлердің қолғанатына айналған неміс овчаркасының бір күндік тіршілігімен танысып, оның иесін әңгімеге тартқан едік. Әңгіме барысында қоғамдық тәртіпті сақтауға айрықша үлес қосатын төбеттерді күтіп-баптау жайына да қанық болдық.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Жұртшылықты бүгінде әлеуметтік мәселелер алабөтен толғандырып отыр. Жағалай қымбатшылық, оның зардабын қарапайым халық, көп балалы отбасылар, аз қамтылған жандар алдымен тартады. Былай қарасаң, бұл бағыттағы күрмеуі тарқатылмаған проблемалар белгілі, шешілу жолдары жан-жақты қарастырылған сияқты көрінгенімен, әлі де істен гөрі сөздің басым екенін аңғару қиын емес.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен жарияланған Жолдауында негізінен елдің ішкі мәселелеріне басымдық берілген.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауы ел өркендеуінің бағыт-бағдарын көрсетті.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Халық үніне құлақ асатын мемлекет
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Жаңа жоба құс етін өндіруді көбейтуге көмектеседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында айтылғандай, тиімді шағын және орта бизнестің берік негіздерінің бірі – қала мен ауылды дамыту, оларды бір-бірімен байланыстыру. Ел халқының жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, ауылдағы шағын және микробизнесті дамытудың әлеуметтік-экономикалық және саяси маңызы ерекше екені анық.
Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Атаулар мен есімдер – елдіктің белгісі
Әрбір атауда тарихтың ізі бар. Атаулар халықтың жүріп өткен тарихи жолынан, саяси-мәдени өмірінен, әлеуметтік, экономикалық жағдайынан хабар береді. Тек жалпылама хабар беріп қана қоймай факті болып дәлелденіп, қоғаммен астаса өмір сүріп жататын тілдік бірлік те – осы онимдер. Сондықтан ғылымда ономастиканы мемлекеттің тарихын нақты фактілер арқылы көрсете алатын саланың біріне жатқызады.
Әлем • 18 Қазан, 2019
Халықаралық саммит жұмысын аяқтады
Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық «QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» атты халықаралық саммиті өз жұмысын аяқтады.