Қазақстан • 08 Маусым, 2018
Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстанның азаматтық альянсы» бірлестігінің конференциясы өтті
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің конференциясы өтті. Оған жергілікті және аймақтық азаматтық альянс өкілдері мен жетекшілері және Астана қаласында орналасқан белсенді үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Конференция барысында Азаматтық альянстың даму келешегі, VIII Азаматтық форумға дайындық мәселелері мен аймақтардағы үкіметтік емес ұйымдарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыға салынды.
Білім • 08 Маусым, 2018
Назарбаев Университетінде Жоғары білім беру көшбасшыларының VII еуразиялық форумы басталды
Кеше Назарбаев Университетінде озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыруға арналған Жоғары білім беру көшбасшыларының VII еуразиялық форумы басталды.
Қазақстан • 08 Маусым, 2018
Әлемге танылған «Астана» бренді
Астананың атауы бүгінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалып қана қойған жоқ, сонымен қатар спорт әлемінде де Астананың аты жер жарып жүр. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Астана» кәсіпқой президенттік клубы құрылып, оның қатарына «Астана» велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Астана арландары» бокс командасы және «Астана» баскетбол клубы кірді. Президенттік клуб құрамына кіретін командалардың барлығы ел абыройын халықаралық аренада асқақтатып жүр. Мысалы, «Астана» велоклубы барған жарысында топ жарып жүрсе, «Астана» футбол командасы соңғы жылдары Еуропаны бағындыра бастады. Ал «Астана арландары» бокс клубы жуырда ғана Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалына бесінші рет шығып отыр.
Медицина • 08 Маусым, 2018
Алматыда Түркі кеңесінің Туризм бойынша жұмыс тобы бас қосты
Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде Түркі кеңесінің Туризм бойынша жұмыс тобы бас қосты. Жиын барысында аталған ұйымға мүше мемлекеттер арасында туризм саласын дамыту мақсатында қолға алынған «Заманауи Жібек жолы» жобасы жан-жақты талқыланды.
Қазақстан • 08 Маусым, 2018
Экспедицияның елеулі нәтижелері
Орталық коммуникация қызметінде «Киелі Қазақстан» QazaqGeography Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының және «Арал-2018» экспедициясының нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға QazaqGeography халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов, «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana PR және коммуникация бөлімінің менеджері Жәмила Аязбекова, «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Вероника Дашкова, «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдын Әбілқас қатысты.
Президент • 08 Маусым, 2018
Елбасының ҚХР-ге мемлекеттік сапары барысында екіжақты тоғыз құжатқа қол қойылды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына келгенін бұдан бұрын хабарлағанбыз. Кеше сапар аясында Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен ресми кездесу рәсімінен кейін кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Медицина • 08 Маусым, 2018
Бала дәрігері болудың бақыты бөлек
Бұл дүниеде сәбиден пәк, сәбиден таза, сәбиден адал кім бар?
Білім • 08 Маусым, 2018
Көшелі университеттегі көшпелі отырыс
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауын төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы мүмкіндіктерге арнағанын көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Жолдауда Елбасы төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне бүкіл әлем қадам басып келе жатқанда, дүние жүзі елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстан бұл үдерістен тыс қала алмайтынын жеткізді.
Қазақстан • 08 Маусым, 2018
Шығыстың ғұламасы Конфуций: «Ізгілік адам үшін от пен судан да керегірек» деген екен. Бүгінгі заманда, дәл біздің елге от пен судан да қажет болып тұрған дүние – Ізгілік. Ізгілік те өзінен-өзі пайда болмайтыны белгілі. Оны сол ізгіліктен қараша жұртыма пайда болсын деген жүрегі ізгі жандар жеткізеді. Сондай жанның бірегейі – Әділ Ахметов.