Футбол • 06 Маусым, 2018
Футбол: Парсы патшалығының арманы
Әрбір Әлем чемпионаты кезінде көптеген қазақстандық жанкүйерлер Иранға болысып жатады. Оның сыры неде? Біріншіден, Иран құрамасы мұсылман командасы әрі гол соққан сайын футболшылары бастарын сәждеге тигізеді. Екіншіден, Иранда жүз мыңдаған қазақ тұрады. Ал үшінші себебі, Иран құрамасында қазақ футболшысы болған деседі.
Футбол • 06 Маусым, 2018
Қазақстан – Әзербайжан: 3:0 есебімен ұтты
Қазақстан құрамасы Әзербайжан футбол командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Бокс • 06 Маусым, 2018
Кәсіпқой бокста қырқында қамал алғандар
45 жастан асқан шағында шау тартып қалмай, әр жылдары кәсіпқой рингте табысты өнер көрсеткен боксшылар аз емес. Олардың біразы 20 мен 30 жас аралығындағы күш-қуаты бойына сыймай, жалындап тұрған жастардың өзін жолдарынан ығыстырып, миллиондаған жанкүйерлердің зор қошеметіне бөленді. Десек те сол саңлақтар арасында ең белді нұсқалар бойынша әлемдік тәж үшін таласқан тұлғалар сирек. Бұл көшті даңқты Бернард Хопкинс бастап тұр.
Білім • 06 Маусым, 2018
К.Нұрбаев атындағы қазақ орта мектебіне – 90 жыл
Таяуда Қытай елімен арадағы шекараны бөліп жатқан Тарбағатай тауының теріскейіндегі таумен аттас ауданға жолымыз түсті. Осы өңірдегі тұңғыш мектеп 1926-1927 жылы үш сыныптық тірек мектебі аталып, 1927-1928 оқу жылында жүйелі білім ұясы болып ашылған екен. Балаларын оқу-білімге жетелеген ата-аналардың мектеп төңірегіне шоғырлануы Ақсуат ауылының аудан орталығына айналуына себеп болған.
Білім • 06 Маусым, 2018
Астанада «Қолдайық, ауыл мектебін!» акциясы өтті
Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл толуына орай «Қолдайық, ауыл мектебін!» акциясы өтті. Еліміздің барлық өңірін қамтыған шараға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және демеушілер қатысты. Осылайша, кезекті оқу жылының соңымен тұспа-тұс келген акция аясында зияткерлік мектеп мерейтойы алыс ауылдарда да атап өтілді. Мәселен, өскемендік оқушылар облыс орталығынан 700 шақырым қашықтықта орналасқан Күршім ауданындағы Марқакөл жеріне сапарлады.
Қазақстан • 06 Маусым, 2018
Жеке кәсіпкерлер әлеуметтік жобаларға белсене атсалысуда
Арғы тарихты аударып-төңкермей-ақ, бергі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастағанның өзінде, қазақ даласында халықаралық жәрмеңкелердің көптеп ашылуына орай, малмен айырбас сауда жасап, заманына қарай амалын қолданған қазақ арасынан Маман бай, Мақан Жиенбайұлы, Аппаз және Мырқы Жараспайұлдары, Қуан Әленұлы, Ақайдың Қасені сияқты ірі байлар ірге жайды. Олардың барлығы дерлік мектеп-медреселер ашып, мәдениеттің дамуына қолдау көрсетіп, қазақ зиялыларының газет-журналдар шығару ісіне демеушілік жасады. Бұл сол кезеңдердегі қазақ сахарасының рухани жаңғыруы, келешекке жасалған кемел қадамдардың бірі болатын.
• 06 Маусым, 2018
Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз?
Бүкіл медицинаның терминдік жүйесін сала-салаға бөліп қарастырар болсақ, бір ғана анатомиялық және гистологиялық атаулар тізімінде 10 000-нан астам термин бар.
Қаржы • 06 Маусым, 2018
Биржа деген сөз жиі айтылғанымен, осы ұғымның мән-мағынасын көпшілік жете түсіне бермейтіні жасырын емес. Сол себепті оқырманға ол туралы, біздің еліміздегі жай-күйі туралы аз-кем мәлімет берген артықтық етпейді деген ойдамыз. Бұл латынның «bursa» деген сөзінен тікелей тәржімаласақ «әмиян» дегенді білдіреді. Биржа – түрлі тауарларды, бағалы қағаздарды және жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастырушылардың, сатушылар мен сатып алушылардың қаржылық мәміле жасау үшін кездесетін орын.
Қазақстан • 06 Маусым, 2018
Шахрат Нұрышев: Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев маусымның 7-10 күндері аралығында Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады және Циндао қаласында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады деп жоспарланғаны белгілі. Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту – еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінгі күні өзара тиімді байланыстар барлық бағытта қарқынды дамуда. Осы орайда, маңызды сапар аясында межеленген мәселелер жөнінде еліміздің Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат НҰРЫШЕВПЕН сұхбат құрған едік.
Медицина • 06 Маусым, 2018
2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі іс-шаралар қолға алынбақ
Кеше Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық үшін зиянды өнімдер мәселелері жөніндегі сектораралық кеңес өтті.