Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Астанада өңір музейлерінің көшпелі көрмесі ашылды

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық музейде «Өткенді еске алу – болашаққа жол» атты өңір музейлерінің көшпелі көрмесі ашылды. 

Тарих • 06 Маусым, 2018

Қасиет қонған Қараөткел

Астанаға келген адамды осы­нау ға­жайып өлкенің толып жат­қан құпия­лары-Қа­раөткел заманы қы­зық­тыруы заңды.  Қараөткел ерте замандардан бері Ұлы дала­ның ірі сауда орта­лықтарының бірі болған жер. Оған бір дәлел – Қараөткел маңындағы ерте түрік көшпелі және отырықшы елдерінің толып жатқан қорған обалары мен қалалық қоныстары. Ю.Шмидт өзінің «Очерки киргизской степи к югу от Арало-Иртышского во­дораздела в Акмолинской области» кітабында Қараөткел туралы (Карауткульский брод. Шириною 35 сажен (1 сажын-2,1336 м-Ж.А.), глубиною по спаде воды 1 аршин (1 аршын-71,12 см), дно твердое» деп сипаттама жасайды.

Әлем • 06 Маусым, 2018

Қырғызстан экс-премьері Исаков қамауға алынды

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды. Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Искаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған.

Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Ауылдағы Гиппократ антына адал жан

Қордай өңірінде, яғни тоғыз жолдың торабында Үлкен Сұлутөр дейтін ауыл бар. Тау баурайында салқын самал тербетіп тұрған ауылдың адамдары да негізінен шаруашылықпен айналысып, өңірдің гүлденуіне, алға басуына үлес қосып келеді. Қысы қатал, жазы қоңыр салқын, аспанын бұйра бұлттар жиі «қонақтайтын» таулы-қыратты аймақтың өзіне тән ерекшелігі осы. Ал ауылдың баянды болашағы үшін еңбек етіп, тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегі елеуге тұрарлық.

Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Жаңа жүйе науқастың жағдайын жеңілдетеді

Денсаулық сыр беріп, бойдағы дертті дәрігер қандауырмен сылып алғаннан кейінгі пышақ тиген жердің алғашқы күндері қалай бебеулете ауыратынын басынан өткен әрбір жан біледі.    

Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Нобукадзу Ониси, иайдо чемпионы: Қазақстан дегенде көңіліме жылылық ұялайды

Қазақстан мен Жапония арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мен жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жақында Астанадағы Кендо спорт клубында аталған спорт түрінің құрал-жабдықтарын табыстау рәсімі өтті. Тарту ету рәсіміне жапониялық спорт шебері, иайдо чемпионы Нобукадзу Ониси қатысып, иайдо қылыш сермеу өнерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ кендо бойынша жан-жақты мағлұмат берді. Іс-шара соңында редакциямызға арнайы соғып, жапондардың әйгілі спорт түрінің мәні мен маңызына тоқталған чемпион қазақ пен жапон халқы арасындағы рухани қарым-қатынастың маңыздылығын да айрықша атап өтті. 

Аймақтар • 06 Маусым, 2018

Павлодарда менингокок жұқпасының алдын-алу үшін штаб құрылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, штаб  өңірдегі Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментімен бірге құрылған. Менингокок жұқпасының алдын-алу үшін бірлескен алғашқы отырыс өтті. 

Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Үміт жібін жалғайтын мамандық

Дәрігер мамандығының қыр-сырын біліп, анық сол жолды таңдау үшін  үлкен жүрек керек. Әр дәрігер адам өмірінің арашасы екендігін білуі әрі түйсінуі тиіс.

Тарих • 06 Маусым, 2018

Тұлға: Жер жыршысы - Рахымжан Елешев

Рахымжан Елешев Қазақстан Республикасы ҰҒА-сы мен Ресей Ғылым академиясының академигі. Мені қызықтырып отырған оның осы жоғары лауазымды атағы ғана емес. Әңгіме тіпті ғылымның осынау биік шыңдарына оның қалай жеткенінде ғана емес. Таңғалдырар адами болмыс-бітімі мені неше алуан ойларға жетелеп отырған жайы бар.  

Әлем • 06 Маусым, 2018

Жаһан жаңалықтары: Харри Кейн – ең қымбат футболшы

CIES Football Observatory әлемнің ең қымбат футболшыларын анықтауда кезекті зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы жолы ең қымбат футболшы деп «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейн танылды.

Яндекс.Метрика