Аймақтар • 04 Мамыр, 2018
Петропавлда бір мың жұмыс беруші медициналық қорға қарыз
Жыл басынан бері бір мың жұмыс беруші медициналық сақтандыру қорына төлем аудармаған. Құзыретті орган өкілдері қарызы бар салық төлеушілерден берешекті өндіріп алу бойынша тиісті іс-шараларды бастап кетті.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2018
Архимед Мұхамбетов маңғыстаулықтарды Қостанайға қоныс аударуға шақырды
Архимед Мұхамбетов басқарған Қостанай облысының делегациясы Маңғыстау облысында болды. Онда бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов маңғыстаулықтарды Қостанай өңіріне қоныс аударуға шақырды. Бұл жөнінде делегация құрамында жүрген әкімнің баспасөз хаттшысы Жігер Сәрсенов хабарлады.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2018
Алматыда «Көктем көркі – қызғалдақ» фестивалі ашылды
Оңтүстік астанадағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы жексенбі күнгі жұмысын ерекше салтанатпен бастады. Қала тұрғындарына тамаша көңіл күй сыйлаған демалыс саябағында ІІІ «Көктем көркі – қызғалдақ» фестивалі ашылды.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2018
Бурабайда велосипед тебу кезеңі басталды
Қазіргі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде велосипед тебу өмір салтына айналып барады. Велосипед тебу науқаны ресми түрде ашылатын кезге де жеттік. Бұл ретте Бурабай курортты аймағында велосипед тебу кезеңі ресми түрде ашылуы соның дәлелі. Ақмола облыстық туризм басқармасы, Бурабай ауданы әкімдігі және «Бурабай Даму» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған «Veloburabay-2018» кезеңінің басталуы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналды.
Өнер • 04 Мамыр, 2018
Оңтүстік Қазақстан өнерпаздары қазақ өнерін шетелдерде дәріптеді
Еуропадағы Босния және Герцеговинаның Зеница, Сараево, Мостар, Черногорияның Цетинье, Албанияның Тирана, Македонияның Гостивар, Болгарияның Пловдив және София қалаларының тұрғындары наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан өнерпаздарының өнерін тамашалады.
Өнер • 04 Мамыр, 2018
Алматыда Ғалым Оспановтың кескіндеме көрмесі өтті
Ғалым Оспанов – натюрморт шебері. Суретшінің туындыларындағы заттардың аясы қатаң шектеулі − бұл көбінесе алма, алмұрт, жемістер салуға арналған сауыт. Шығарма жемістерді немесе олардың біреуін ғана жинақтап қамтитынына қарамастан, композиция қысқа және жалпылама түрде шешіледі. Қылқалам шеберінің Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрерменге ұсынылған «49 және 2» атты кескіндеме көрмесінен оның ең танымал туындыларын тамашалауға болады.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2018
Даму бағдарламасымен әріптестік елімізге «жасыл» технологиялардың келуіне жол ашты
Елімізде экономикалық салалар мен тұрмыста электр қуаты мен суды үнемдеуге, ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген «жасыл» технологияларды енгізуге жақсы жол ашылып отыр. Бұл ретте БҰҰ Даму бағдарламасымен жасалынған ынтымақтастықтың қарапайым адамдар үшін тиімділігі мол болғаны анық. Оған біз Даму бағдарламасының Қазақстандағы жоба менеджері Гүлжамал ИСАЕВАМЕН әңгімелескен кезімізде көз жеткіздік.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2018
Ұлттық кадр – әскери саланың негізі
Еліміздің қорғаныс саласындағы басты міндеттердің бірі – әскерді сапалы кадрлармен қамтамасыз ету. Егемендіктің алғашқы жылдарында тұңғыш рет өзінің кәсіби армиясының негізін қалаған Қазақ елі әскерді замануи құралдармен жарақтандыру, ұлттық кадрлар дайындау ісіне үлкен күш-қайрат жұмсалғаны белгілі. Осы тұста Елбасының бастамасымен армияға білікті мамандар шақырылды, жергілікті оқу орындарында жаңадан факультеттер ашылып, материалдық-техникалық базасы күшейтілді, сондай-ақ еліміз офицерлерді өзге мемлекеттерде оқытуды жолға қойды.
Медицина • 04 Мамыр, 2018
Сол күні жаңбыр аяқ астынан шелектеп құя жөнелді. Көше-көшедегі жұрт қолшатырларын төбелеріне көтеріп, бүрісіп, дірдектеп, әлдеқайда асығып бара жатты.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2018
Уфада қазақ зиялыларына ескерткіш тақта орнатылады
Башқұртстанның астанасы Уфа қаласында білім алып жатқан бір топ қазақ жастары ХХ ғасырдың басында тарихи шаһарда оқыған, еңбек еткен қазақ зиялыларына ескерткіш белгі орнатуды ниет етіп отыр.