Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 09 Сәуір, 2018

Қазақстан мен Литва өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Литваның Қазақстандағы Елшісі Витаутас Наудужаспен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Маңғыстауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 37 жоба іске асырылуда

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы АҚ басқарма төрағасы Елдан Әлібековтың айтуынша, қазіргі таңда  Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында 239 млрд. теңге жалпы сомасына 37 МЖӘ жобасы іске асырылуда. 

Бизнес • 09 Сәуір, 2018

Пойма ауылындағы май зауытының екінші тынысы ашылды

Күнбағыс майын өндіретін кәсіпорын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Пойма ауылында 2009 жылы ашылғанымен, бес жыл бойы бойын жаза алмады. Ақыры жаңа инвестор табылып, 2014 жылы белгілі кәсіпкер, «БелесАгро» компаниялар тобының жетекшісі Мұрат Жәкібаев бұл істі қолына алған болатын.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Қарағанды облысында тасқын қаупі жіті бақылауда

    Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тікұшаққа мініп, су тасқыны қаупі бар аумақтарды әуеден шолып өтті. Атап айтқанда, авиамаршрут Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарын қамтыды. Тасқын қаупі бар деген Самарқан, Шерубай-Нұра, Ынтымақ, Жартас және Ащысу су қоймалары мен Нұра, Шерубай-Нұра, Ащысу, Матақ және Жарлы өзендерінің арналарына шолу жасалды. 

Тарих • 09 Сәуір, 2018

Шәуешектен жеткен жәдігер

ХХ ғасырдың басында, 1917 жылы Орынборда жалпы Қазақ құрылтайы өтіп, Алашорда үкіметі құрылып, оның басқару органы Семейге қоныстанғаннан кейін, яғни 1918 жылдың көктемінде ұлт қайраткерлері Алаш қаласына жиналып ақылдасады. Мұндағы мақсат – шеттегі қазақтарға барып, оларға Алаш идеясын насихаттау. Басқосуға Абай мектебінің өкілдері – Көкбай Жанатайұлы мен Тұрағұл Абайұлы және атақ­ты балуан Қажымұқан Мұңайт­пасұлы қатысады.

Әлем • 09 Сәуір, 2018

«Алаш көсемсөзі» түрік тіліне аударылады

Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен Ыстамбұлда жарық көретін «Қазақ елі» алманағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы түрік тілінде жарық көрді.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Түмен облысына барды

Облыс әкімі Болат Бақауовтың бұл жұмыс сапары  Түмен облысының губернаторы Владимир Якушевтің шақыруымен ұйымдастырылды.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2018

Майқайың кентінде «Астана бас қалам» атты байқау өтті

Баянауыл ауданының Майқайың кентінде «Кенші» мәдениет үйінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана бас қалам» атты байқау өтті. 

Қазақстан • 09 Сәуір, 2018

Қарағандылықтар енді ала жаздай хоккей ойнап, коньки тебеді

Көктем келіп, айнала ағыл-тегіл еріп жатқанда, Қарағандыда мұз қатыры­лып, шыбын тайып жығы­лар айдын пайда болды.

Өнер • 09 Сәуір, 2018

Сәні келіскен сәукеле

Сәукеленің биіктігі 1,5 метр, ішкі жа­ғы­на 2 метр ақ сиса, сыр­тына 3 метр жар­қыраған ақ парша мата жұмсалыпты. Айна­ласы 400-дей інжу-маржан, лағыл сынды асыл тастармен көмкерілген. Ұзын­­дығы жерге жете­­тіндей төгілген ақ же­­леңі бар. «Ата­мұра» деп аталатын өнер жә­не мә­дениет орта­лы­ғын­да көзіміз бір­ден көр­ме бөлімінде бір бұрыш­ты алып тұрған аппақ сәуке­леге түсті.

Яндекс.Метрика