Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

25 Қаңтар, 2019

Зор үміт күтетін жыл

Биылғы жыл Елбасының арнайы бастамасымен Жастар жылы деп жарияланды. Елбасы кешегі жастар форумында жастармен бетпе-бет жүздесіп, осы атаулы жылды  ресми ашып берді. Жастар жылына мемлекет пен қоғамның негізгі тірегі – жас­тарды қолдауға бағытталған бастамалардың барлығы да өз нәтижесін береді деген сеніміміз мол.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

2018 жылы қала экономикасына 1 трлн 56 млрд теңге инвестиция тартылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Қысқы спорт • 25 Қаңтар, 2019

Шаңғымен тұғырдан секіру: Сергей Ткаченко әлем чемпионатының қола жүлдегері

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Сергей Ткаченко тұғырдан секіруден қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

25 Қаңтар, 2019

Жастар жылы өскелең ұрпаққа өз тәжірибелері мен білім көкжиегін кеңейтуге жол ашады — студент

23 қаңтарда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Жастардың стартаптарына қолдау көрсететін қор құруды тапсырды. Президенттің шешімін жастар өкілдері қолдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

25 Қаңтар, 2019

Экономикалық дипломатияның нәтижесі

Қарағанды облысының өнеркәсіптік орталығы – Саран қаласында, Орталық Азиядағы ең ірі қуаты 100 МВт бар «SES Saran» күн электр стансасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

25 Қаңтар, 2019

Жалындап өткен жыр-ғұмыр

Биыл қазақ руханияты үшін атаулы оқиғаларға толы жыл. Сондай елеу­лі датаның бірі – Қазақстанның халық ақы­ны, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова­ның 80 жыл­дық мерейтойы.  

25 Қаңтар, 2019

Музыка адамның ойы мен сезімін байытуы тиіс

Қазақ ұлттық музыка өнері туралы өз еңбегінде А.Эйгхорн: «Бірде көк жайылымда асыр салып, ойнақтаған құлын секілді шат-жарқын бейқам баладай, бірде еркін, өмірге құштар көкте қалықтаған өр қырандай қазақ әндерін тұлымшағы желбіреген жас жеткіншектен, шолпысы сылдыраған бұрымды қызға, аяулы анаға, кішкентай айдарлы баладан еңкейген қарияға дейін нақышына келтіріп орындайды. Бұл дегеніңіз – халықтың баға жетпес мұрасы мен мызғымайтын игілігі, халықтың өзіндік бет-бейнесі» деп баға берді. Бұл ойды ғалым ауыз әдебиетінің бай мұрасы сияқты тұрмыс-салт, еңбек, бесік жыры әндерінен әсерленіп тебірене жазғаны байқалып тұрады. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың шырқалуы, жарапазан тәрізді сан түрлі сарындағы далалық туындылар сөзіне қоса әуез-әуенсіз болмағаны тағы аян. Демек ұлттық музыканың ежелден ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі орасан зор екені бұлжымас ақиқат. Солай бола тұра көкөрім жеткіншекті қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы имандылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеп баулуда, ата-бабаларымыз көз қарашығындай сақтаған байырғы сол дәстүрді жалғастыруда екіұдай пікірдің алдымыздан шығып қалып жататыны терең ойға шомдырады. Төменде Астанадағы Мемлекеттік академиялық филармонияның дирижері, күйші, композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрлан БЕКЕНОВ өткен мен бүгіннің сабақтарын салыстыра отырып, ұлттық музыка өнерінің сан-сапат мәселелері туралы ой қозғайды.