Қазақстан • 27 Ақпан, 2018
Сараптама қызметі мінсіз болғаны жөн
Астанада Сараптама ұйымдары палатасының жалпы жиыны өтті. Онда палата мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сараптама қызметі бойынша енгізілмек кейбір түзетулерге қатысты пікірлерін білдірді.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2018
«Үздік экскурсовод» байқауы өтті
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейі мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы бірігіп «Үздік экскурсовод» байқауын өтткізді.
Театр • 27 Ақпан, 2018
Қайраткерлерді ұлықтаған қойылым
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасынан «Елім деп өткен Ер Жалау» деген спектакльді көргеннен кейін алаш рухының асқақтығына куә болдым.
Әдебиет • 27 Ақпан, 2018
Қазақстан • 27 Ақпан, 2018
Әлсізге көмектескеннің сауабы үлкен
Өткен 2017 жылы әртүрлі әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған республикалық «Уақып» атты корпоративтік қор құрылған-тын. Оны басқаруға тәжірибелі азамат Қайрат Айтбай тағайындалған еді. Аталмыш қордың мақсат-мүддесі жайлы басылым оқырмандарын хабардар ету үшін біз қор төрағасымен тілдескен едік.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2018
Бейәдеп басшылар көбейіп барады
Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы ауыл әкімінің мектеп оқушысын соққыға шыққаны жайлы хабар тарап, мемлекеттік қызметкердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Өкініштісі, сыныптас екі жасөспірімнің арасында басталған кикілжіңге жергілікті шенеунік араласып, оқиға қылмыстық жауапкершілікке соқтырған дауға ұласып кетті.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2018
Енді Алакөлге пойызбен барамыз
Былтыр облыстық бюджеттен 550 миллион теңге қаржы бөлініп, айдынды Алакөлдің жағалауы адам танымастай кейіпке енгені белгілі.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2018
Курортты аймақты қалай дамытуға болады?
Туризм – адамға қуаныш пен жан рахатын сыйлап, жақсы өмір сүруге және барлығын жаңаша бастауға құлшындыратын ерекше демалыс түрі. Алайда мұндай демалыс аз ақша тұрмайды. Тіпті ел азаматтарының арасында Астана қаласынан онша алшақта жатпаған Бурабай курортты аймағында демалып, ем қабылдау шетелдерге сапарлап барып қайтудан да қымбатқа түседі деген пікір қалыптасқан. Оны қысқы туризмнің дағдарып тұрғандығымен түсіндірсек, жазғы мезгілдері барынша қор жинап алуға тырысқан шипажайлар мен демалыс орындары бағаны да көтеріп жіберетіндігі сондықтан. Оны шешудің жолдары бар ма?
Әдебиет • 27 Ақпан, 2018
Туған анаңдай, қайран, туған жер (Эссе)
Осы жасқа келгенде көзім анық жеткен бір ақиқат – адамға ақыл кеш кіреді; оң, терісін ойлап, бас ауыртып жатпайтын сонау алаңғасар жастық шақтың жөні басқа; жас кезде санаға не кіріп, не шықпады: оның қайсібірін сен жадыңда ұстап, есіңде сақтадың; соңыра ақыл кіріп, өзіңді өзің танығанда қапы кетіп, бармақ шайнаған «әттеген-айлар» аз ба? Аңсарың әр неге бір ауып жүріп, көп нәрсенің парқын кейін түсіндік; қадір, қасиеті санаңа кеш жетті; дер кезінде ескермей, уыстан шығарып алғасын бас салып өкіндік.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2018
«Ембімұнайгаз» АҚ интерактивті мұражайға экскурсия ұйымдастыруды бастады
Үстіміздегі жылдың ақпан айында «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қаласындағы мектеп оқушылары мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттеріне арнап интерактивті мұражайға экскурсия шарасын бастады.