Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 30 Қараша, 2017

Павлодарда бір күнде 432 отбасы баспаналы болды

Облыс орталығында жаңадан салынып жатқан  «Сарыарқа» шағын ауданында 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жарқыраған жаңа үйлер еліміздегі  «Өңірлерді дамыту-2020» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерді. Әкімдіктің хабарынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биік үйлерді «Project City Group» ЖШС салған, құрылыс құны 3,4 млрд теңге. Жалдау құны бір шаршы метрі – 1110 теңге. 

Парламент • 30 Қараша, 2017

Еліне еңсе болған ерен тұлға

1991 жылы 1 желтоқсанда біздің елімізде бірінші рет халықтың қа­тысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болды. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды. Мемлекет басшысы сайлауға қатысқан сайлаушылардан 98,78 пайыз дауысын алып, керемет жеңістің биік тұғырынан табылды. Бұл ең алдымен егемендікке енді еркін қадам баса бастаған респуб­ликамыз басшысының сол кездің өзінде халықтың үлкен сеніміне ие болып үлгергенін танытты. Бұл көрсеткіш оның жаңа саяси жүйедегі Президент лауазымына қаншалықты лайық екенін нақты айқындап берді. Тап осы 1 желтоқсан еліміздегі ең бір елеулі күндердің бірі ретінде тарихта мәңгіге қалды. Сондықтан да ол 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Президент күні» ретінде тәуелсіз Қазақстанның мерекелері тізіміне ресми түрде енгізілді.

Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Қанаттаса дамуды қозғайтын қуатты күш

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Републикасының президенттері қатысқан Челябі қаласындағы ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі ел университеттері ректорларының форумы өтті. Оған Қазақстаннан – 49, Ресейден 77 ректор қатысты. 

Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Бағдарламаны Еуроодақ қаржыландырады

Елордада Еуропалық одақ қар­­жыландыратын Шекараларды бас­қаруға қолдау көрсетуге бағыт­тал­ған бағдарламаны үйлестіру тобының үшінші аймақтық отырысы өтті. Жыл сайын өткізілетін отырысқа Еуропалық одақтың Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдері, Сыртқы істер министр­ліктерінің және кеден ведом­ство­ларының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Электронды кітапхана іске қосылады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-та Ғылыми-техникалық басқарудың автоматтық жүйесі платформасында «Электронды сандық кітапхана» жобасы жүзеге асырылмақ. Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталия Смольянованың айтуынша, цифрлы технологиялы кітапхана жобасын жүзеге асыру «iOS» және «Android» операциялық жүйесіне мобильді қосымша енгізу арқылы техникалық ақпараттарға компания қызметкерлері әлемнің кез келген түкпірінде жүріп қол жеткізе алады.   

Аймақтар • 30 Қараша, 2017

Латын қарпімен шыққан кітап көрмесі

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқар­масы бірлесіп ұйымдастырған көрменің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы» Жарлығына қолдау білдіру. 

Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Әскери патриотизмнің әлеуеті зор

Жаңа қазақстандық патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығы прин­циптерінің негізінде жеке құрамның моральдық-психологиялық рухын қалыптастыру Қарулы Күштердің басты тапсырмаларының бірі. 

Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Еліміз бастамасы қолдау тапты

БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитеті Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін қолданысқа енгізген БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/35 қарарын жаңартуға бірауыздан қолдау білдірді.

Ұлттық спорт • 30 Қараша, 2017

Қырыпсал қырандар қанжыға майлады

Өткен аптаның демалыс күндері Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Сырымбет тауының бау­райында салтанатты салбурын болып, ауыл тұрғындары мен еліміздің түкпір-түкпірінен және Қытай мен Моңғолиядан арнайы келген қонақтар үш күн бойы Алтайдың ақиығы, Боғданың қарагері, Нарынның ақшегірі, Көкшенің мұзбалағы, Сауырдың сабалақ сарысы сынды 48 бүркіт, 4 қаршыға, 4 ителгі қатысқан халықаралық қансонардың қызығына батты. 

Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Алары да, берері де көп

Өзбек пен қазақ түбі бір түркі балалары болуымен өзара жақындай түседі. Екі ұлт бір-біріне кірігіп, құдаласып, қораласып жатуының нәтижесінде бүгінде Өзбекстанда 1 миллиондай қазақ өмір сүріп жатса, Қазақстанда 0,5 миллионға жуық өзбек тұрып жатыр. Екі мемлекет те өз диаспораларына қамқорлық жасауға мүдделі.

Яндекс.Метрика